2019 жылдың 28 желтоқсаны Қазақстан Республикасында жалпы ұлттық аза тұту күні деп жарияланды
Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіз!
A   A   A
Әуезов ауданы
әкімінің
аппараты
Сурет галереясы
Әкімге сұрақ
Задать вопрос Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз
Жаңалықтар мұрағаты
Барлық жаңалықтар
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
30 31 1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 1 2 3
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

07.03.2020
Ұлы Отан соғысына қатысушыларды мерекемен құттықтады

2020 жылдың 7 наурызы күні Әуезов ауданының әкімі, «Nur Otan» партиясының төрағасы Сайран Сайфеденов және аудандық Ардагерлер кеңесінің төрайымы, партияның Саяси кеңес Бюросының мүшесі Бәтима Ыбыраева, партияның «Ардагерлерді ардақтайық!» жобасын жүзеге асыру аясыеда, Ұлы Отан соғысында Ұлы Жеңіске жеткеніне 75-жыл толуына орай және 8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күні қарсаңында, Ұлы Отан соғысына қатысушылар Мария Целуева мен Валентина Смирнованы келе жатқан мереке күнімен құттықтап шықты. 


1925 жылы туған М. А. Целуева мен 1923 жылы дүниеге келген, В. П. Смирнова, Әуезов ауданының аумағында орналасқан, Алматы қаласы № 3 Арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында тұрады. 


Сапар барысында Сайран Сайфеденов пен Бәтима Ыбыраева қариялардың хал-жағдайын сұрап, оларға әскери және еңбек жеңістері үшін, Жеңіс үшін, бейбітшілік өмір үшін алғыстарын айтты. Сосын жылы лебіздерін білдіріп, гүл шоқтары мен жеміс-жидек себеттерін табыстады. Кеюаналар, өз кезектерінде, қонақтарға өз елінің патриоттары болуды, елі үшін, адал еңбек етіп, халқының проблемаларын шешуді тіледі.

07.03.2020