
07.04.2018
2018 жылдың 7 сәуірі күні, Әуезов ауданы әкімінің орынбасары Дастан Қайратұлының қатысуымен, Сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың жаңа жобасы ретінде, Алматы қаласы әкімдігі мен Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі «Алматы – адалдық алаңы!» атты бағдарламасын бірлесе іске асыру мақсатында, Әуезов ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен, «Grand Park» ойын сауык орталығының аумағында «Адал жол!» атты марафон өтті.
Іс-шараның мақсаты – мемлекеттік қызметкерлерді, тұрғындарды, халықты және жастарды ел игілігі жолында адал қызмет жасауға шақыру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекеттердің негізгі ережелерін түсіндіру, сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу, сондай-ақ құқықтық көмек көрсету болып табылады.
Аталмыш іс-шараға Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Алматы қаласы бойынша Департамент басшысының орынбасары Г. Г. Данияров, Алатау ауданы әкімінің орынбасары С. Б. Ағыбаев, қаланың ардагерлері мен жастары қатысты.
Іс-шара барысында Алматы сервистік Қызмет көрсету колледжі мен Алматы құрылыс техникалық колледжінің оқушылары би-спорттық флеш-моб көрсетті. Аудан жастары мен тұрғындары куә болған шараның соңы эстафета алауын басқа аудандардың жастарына табыстаумен жалғасын тапты.