2020 жылдың 13 шілдесі
Қазақстан Республикасындағы
ұлттық аза тұту күні
Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіз!
A   A   A
Әуезов ауданы
әкімінің
аппараты
Сурет галереясы
Әкімге сұрақ
Задать вопрос Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз
Жаңалықтар мұрағаты
Барлық жаңалықтар
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
31 1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 1 2 3 4
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

07.10.2017
Қариялардың ақ батасымен қайырымдылық іс бастаған жастардың рухы көтерілді

«Үлкенге – ізет, кішіге – құрмет» сөзінің астарында қаншама ұлағатты ой жатыр десеңізші! Қарияларымызды ардақтап, олардың құқын қорғап, қамқорлыққа алып, қолдау көрсету күн сайын жалғасын тауып келеді. 

2017 жылдың 7 қазаны күні «Нұр Отан» партиясының Әуезов аудандық филиалының бастамасымен, Қазақ қатынас жолдары университетінің студенттері, партияның «Ардагерлерді ардақтайық!» жобасы аясында, Алматы қаласы № 3 арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығына барып қайтты. Олар қарияларға сәлем беріп, амандық-саулық сұрасқаннан кейін, қолдарына кетпен, күрек алып, бірден ауланы тазалауға кірісті. 

«Жас келсе іске» дегендей, еңбекке жұмыла кіріскен жастар әп-сәтте қарттар үйінің ауласын тазартып, қарияларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Иә, тазалыққа жаны құмар жастардың қолғабыс әрекеттерінен ақсақал қарияларымыз бен апаларымыздың көңілдерінің жадырап қалғандығы да байқалды. Қолдарына кетпен, күрек ұстаған жастар үшін де бұл еңбек тамаша демалыс болғандай. 

«Еңбек сәтті болсын» деп сәттілік тілектермен қайырымдылық іс бастаған жастар, ардақты да абзал қариялардың алғысына бөленіп, ақ батасымен рухы көтеріліп, уақыт зымырапөте келе өздерінің де қариялық жасқа жеткізетіндіктерін шынайы сезінді. «Ата-анаңды құрметтесең, сен де сондай игілік көресің», «Үлкенге – ізет, кішіге – құрмет» деген халық даналығының маңыздылын ұғынды.

07.10.2017