Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіз!
A   A   A
Әуезов ауданы
әкімінің
аппараты
Сурет галереясы
Әкімге сұрақ
Задать вопрос Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз
Жаңалықтар мұрағаты
Барлық жаңалықтар
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
29 30 31 1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 1 2
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

07.11.2018
Ауданның кәсіпкерлерімен жиналыс өткізілді

2018 жылдың 7 қарашасы күні Әуезов ауданы әкімінің орынбасары Еркебұлан Оразалин, аудан аумағында орналасқан мекемелері жұмысшыларының төмен жалақысын көтеру жөнінде Елбасы Жолдауының бөлігін орындау мәселесі бойынша жиналыс өткізді. 


Аталмыш жиналысқа Алматы қалалық Мәслихат депутаты Ерболат Қасымов, Алматы қаласының Еңбек және көші-қон мемлекеттік инспекциясы басқармасының басшысы Талғат Разақов, Әуезов ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Асқар Қабышев және тағы басқалар қатысты. 


Еркебұлан Оразалин, қатысушылар назарына, ағымдағы жылдың 9 айында ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы қысқаша ақпарат ұсынды. Ауданды тіркелген заңды тұлғалар саны 16 967-ні құрайды, оның 9 322 мекемесі қазіргі кезде қызмет етеді. 16 775 кіші бизнес орны, 144-і орта бизнес нысандары болса, 48-і ірі бизнес нысаны. Ірі және орта бизнес нысандарында қазіргі кезде 34 398 адам жұмыс істейді, олардың орта жалақылары 154 907 мыңға дейін өсті. 

Сонымен қатар, Еркебұлан Оразалин ағымдағы жылдың 9 айында ауданда атқарылған жұмыс туралы, «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы мен «2017-2021 жылдарға арналған жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы» жөнінде мәлімдеді. Сондай-ақ,ол аудан салығының 50 % астамы кіші әрі орта бизнестікі екенін атап айтты.

07.11.2018