Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіз!
A   A   A
Әуезов ауданы
әкімінің
аппараты
Сурет галереясы
Әкімге сұрақ
Задать вопрос Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз
Жаңалықтар мұрағаты
Барлық жаңалықтар
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
28 29 30 31 1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 1
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

08.02.2018
«Өр рухтылар» тақырыбында спорттық турнир өтті

2018 жылдың 8 ақпаны күні, «Нұр Отан» партиясы Әуезов аудандық филиалының ұйымдастыруымен, партияның «Кедергісіз келешек» жобасы аясында, № 3-ші Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында, салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында, 20-ға жуық мүмкіндігі шектеулі азаматтар арасында «Өр рухтылар» тақырыбында спорттық турнир өтті. 


Спорттық іс-шараға қатысушыларды Әуезов аудандық Ардагерлер кеңесінің төрайымы, Саяси кеңес мүшесі Бәтима Ыбыраева, Саяси кеңес Бюро мүшесі Меруерт Әйтенова және № 3-ші Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының директоры Раиса Мұсабекқызы қарсы алып, сәттілік тіледі. 

Мүмкіндігі шектеулі азаматтар арасында бильярдтан, шахматтан, үстел теннисінен жарыстар өтті. Олар өздерінің белсенділіктерін танытып, ойынды қызықты өткізді. Қатысушыларға «Нұр Отан» партиясы Әуезов аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мұрат Омаровтың атынан алғыс хаттар табысталды.

08.02.2018