Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіз!
A   A   A
Әуезов ауданы
әкімінің
аппараты
Сурет галереясы
Әкімге сұрақ
Задать вопрос Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз
Жаңалықтар мұрағаты
Барлық жаңалықтар
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
26 27 28 29 30 1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31 1 2 3 4 5 6
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

08.02.2018
Аудан жастары арасында шахмат турнирі өтті

2018 жылдың 6-8 ақпан аралығында, Әуезов ауданы әкім аппаратының ұйымдастыруымен, Қазақстан Республикасының астанасы – Астана қаласына 20 жыл толуына орай, аудандағы жоғары және арнайы орта оқу орындарының жастары арасында шахмат турнирі өтті. 

Жарыстың басты мақсаты Қазақстан Республикасы Президентінің «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Қазақстан халқына Жолдауын, «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын, «Қазақстан Республикасының дене шынықтыруды дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасын» іске асыру, салауатты өмір салтын қалыптастыру, спортқа деген қызығушылықтарын дамыту және жетілдіру болып табылды. 

Жарысқа қатысушыларды Әуезов ауданы әкім аппаратының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Шыңғыс Абзал қарсы алып, ізгі ниетін білдіріп, алдағы ойында сәттілік пен жеңіс тіледі. 


Қатысушылар дене шынықтырудан дайындықтары жоғары екенін көрсете білді. Жарыс қортындысы бойынша, ер азаматтар арсында, бірінші орынды Алматы экономика және статистика академиясының командасы жеңіп алды. Екінші орынға НарХоз университетінің студенттері ие болса, үшінші орынды Алматы қаласы мемлекеттік политехникалық колледжінің командасы иеленді. 

Қыздар арасында бірінші жүлделі орынға НарХоз университетінің командасы ие болды. Екінші орынды Алматы мемлекеттік жаңа технологиялар колледжінің қыздары ие болды, ал үшінші орынды Алматы мемлекеттік энергетика және элек тронды технологиялар колледжі иеленді. Жеңімпаздарға Шыңғыс Абзал тиісті дипломдар мен естелік сыйлықтарды табыстады.


08.02.2018