2019 жылдың 28 желтоқсаны Қазақстан Республикасында жалпы ұлттық аза тұту күні деп жарияланды
Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіз!
A   A   A
Әуезов ауданы
әкімінің
аппараты
Сурет галереясы
Әкімге сұрақ
Задать вопрос Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз
Жаңалықтар мұрағаты
Барлық жаңалықтар
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
30 31 1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 1 2 3
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

08.02.2020
Аудан әкімінің соңғы есептік кездесуі өтті

2020 жылдың 8 ақпанында Әуезов ауданының әкімі, «Nur Otan» партиясы аудандық филиалының төрағасы Сайран Сайфеденов, мемлекет басшысының «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын жүзеге асыру аясында, аудан тұрғындарымен 2019 жылдың қорытындысы бойынша, Алматы мемлекеттік көпсалалы колледжінде соңғы есептік кездесун өткізді. 


Кездесуге Алматы қаласы әкімінің орынбасары Мұхит Әзірбаев, қалалық Мәслихат депутаттары, қаланың басқармалары және аудандық қызметтерінің басшылары қатысты. 


Есептік кездесуге екі жүзден астам адам қатысып, сұрақтарын қойып, ауданның дамуы бойынша ұсыныстарын айтты. Аудан тұрғындары көбінесе тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, аулаларды абаттандыру, жолдарды жөндеу, арықтарды тазалау, ағаштарды санитарлық кесу және бұталарды заңсыз кесу және көшелерді жарықтандыру жайында мәселелерді қозғады. Сонымен қатар, денсаулық сақтау және әлеуметтік мәселеге қатысты сауалдар да көтерілді. Бұған қоса, кей ПИК өкілдерінің жұмыстарына көңілдері толмайтынын айтып, жаңа мектептің қажеттігін де тілге тиек етті. 


Есептік кездесу басталардан бір сағат бұрын және аяқталғаннан кейін азаматтарды жеке сұрақтарымен қабылдау өтті. Айта кетейік, келіп түскен барлық сұрақтар қатаң назарға алынып, олар іс-шаралар жоспарына қосылып, қозғалған мәселелер бойынша тиісті жұмыстар қолға алынатын болады. Кездесу барысында келіп түскен барлық сұрақтар бойынша түсініктемелер берілді.


08.02.2020