Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіз!
A   A   A
Әуезов ауданы
әкімінің
аппараты
Сурет галереясы
Әкімге сұрақ
Задать вопрос Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз
Жаңалықтар мұрағаты
Барлық жаңалықтар
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
27 28 29 30 1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

08.05.2017
Даңқ Мемориалына гүл шоқтары қойылды

2017 жылдың 8 мамыры күні Әуезов ауданының әкім аппараты мен «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының ұйымдастыруымен, Алматы қаласындағы Орталық бейіттегі Даңқ мемориалына гүл шоқтарын қою рәсімі өтті.


Шараға Әуезов ауданының әкімі орынбасары Еркебұлан Оразалин, «Нұр Отан» партиясы Әуезов аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мұрат Омаров, аудандық Ардагерлер кеңесінің төрайымы Бәтима Ыбыраева, аудан әкімі аппаратының қызметкерлері, екінші дүние жүзілік соғысқа қатысқандар, қазақстан әскери қызметкерлері, ауған-соғысының ардагерлері, чернобльді азат етушілер, қоғамдық бірлестік мүшелері, мемлекеттік мекеме жетекшілері, оқу орындарының студенттері мен аудан оқушылары қатысты.

"Даңқты ескерткіш алдында, осы бейбіт күнді көре алмай, ерлікпен қаза тапқан жауынгерлерге бас иеміз. Біз ардагер аға-апаларымыз алдында басмызды иіп, шексіз алғысымызды білдіреміз. Бұл соғыста миллиондаған адам мерт болды. Миллиондаған адам мүгедек болып қалды. Миллиондаған адамның тағдыры қасіретке душар болды. Ал қаза тапқандардың рухына тағзым ету – бүгінгі бейбіт өмірді еншілеген біздер үшін айрықша парыз. Екінші дүниежүзілік соғыс адамзат тарихында ең сұрапыл, әлемді дүр сілкіндірген, жан түршігерлік қанды қырғын болып жазылды. Талай отбасын зар еңіреткен сұрапыл соғыста жеңіс оңай келмегені белгілі. Біз Отаны, отбасы үшін майдан даласында мерт болған боздақтар мен бүгінгі арамыздағы ардагерлеріміздің алдында мәңгілікке бас иеміз", - деді Еркебұлан Оразалин.


Ұлы Отан соғысына қатысқан ардагерлерге № 130 жалпы білім беретін мектептің оқушылары «Ешкім ұмыт болған жоқ, ешнәрсе ұмыт қалған жоқ» тақырыбында, әдеби-музыкалық шығарма дайындады.

Шара барысында, бір минут үнсіздіктен соң Ұлы Отан соғысындағы әскерилердің формасын киген тарихи жауынгерлік топтар сап түзеп жүріп өтті. Бұл сәт осыдан 72 жыл бұрынғы жеңісті күнге қайта оралғандай әсер қалдырды. «Бұл жеңіс баршамызға ортақ. Мерекені тойлау арқылы біз достық қарым-қатынасымызды нығайтамыз!» Негізінде, көлемі, қаталдығы, адам және материалдық шығыны жағынан Екінші дүниежүзілік соғыс адамзат тарихындағы ең жойқын соғыс болды. Ол дүниежүзі халықтарының бестен төртінің тағдырына әсер етті деседі.

08.05.2017