Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіз!
A   A   A
Әуезов ауданы
әкімінің
аппараты
Сурет галереясы
Әкімге сұрақ
Задать вопрос Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз
Жаңалықтар мұрағаты
Барлық жаңалықтар
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
25 26 27 28 29 30 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31 1 2 3 4 5
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

08.08.2017
Көшпелі қабылдау өтті

2017 жылдың 8 тамызы күні «Нұр Отан» партиясы Әуезов аудындық филиалының Жемқорлықтың алдын-алу бойынша Қоғамдық кеңесі және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қ іс-қимыл агенттігі Департаментімен бірлесе отырып, «Гранд парк» ойын-сауық орталығында, жемқорлықтың кері әсерлері туралы жұртшылықты барынша ақпараттандыру мақсатындағы республика бойынша бастау алған «Есіктен есікке», «Қазақстанның болашағы парасыз!» жемқорлыққа қарсы жобаларды іске асыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында, көшпелі қабылдау өткізді. 


Қабылдау барысында аудан тұрғындары толғандыратын сұрақтарына нақты жауаптар алды. Келіп түскен өтініштердің көпшілігі тұрғын үй-коммуналдық саласына, соның ішінде ПИК Төрағаларының заңсыз әрекеттеріне қатысты, денсаулық сақтау саласы және құқық қорғау органдарына шағымдар, сондай-ақ сондай-ақ Алматы тұрғындары үшін өзекті сұрақтардың бірі қалалық маршруттардың өзгертілуі болып табылады. 

Сондай-ақ, қабылдау барысында аудан тұрғындарына Елбасының «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Қазақстан халқына Жолдауы, 100 нақты қадам Ұлт Жоспары, Жемқорлықтың алдын-алу 2015-2025 ж. ж. бағдарламасы түсіндірілді. Әрбір өтініш бойынша заңды кеңестер, қажетті түсіндірулер берілді.

08.08.2017