Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіз!
A   A   A
Әуезов ауданы
әкімінің
аппараты
Сурет галереясы
Әкімге сұрақ
Задать вопрос Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз
Жаңалықтар мұрағаты
Барлық жаңалықтар
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31 1 2 3 4
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

08.10.2018
Аудан әкімі қарияларды мерекемен құттықтады

2018 жылдың 8 қазаны күні Әуезов ауданының әкімі Әнуар Өскенбаев, «Береке» мейрамханасында, Әуезов ауданының әкім аппаратының ұйымдастыруымен өткен мерекелік түскі ас барысында, аудандағы Ұлы Отан соғысы мен тыл ардагерлерін және зейнеткерлерді Қарттар күнімен құттықтады. 


Сондай-ақ, аталмыш іс-шараға Алматы қалалық Мәслихатының депутаты Ерболат Қасымов, аудандық ардагерлер Кеңесінің төрайымы, партияның Саяси кеңес мүшесі Бәтима Ыбыраева және тағы басқалар құттықтап, жылы лебіздерін білдірді. 

«Ең алдымен өздеріңізбен жүздесудің сәті түсіп отырғандығына қуаныштымын. Әрдайым осылай сән салтанатта мәз-мәрам болып, тек қуанышта, жақсылықта кездесе берейік. Халқымыз қашанда үлкенді құрметтеп, мүмкіндігі шектеулі адамдарға жанашырлықпен қараған. Ол бүгін де өз жалғасын табуда, ардақты ардагерлерімізді ұмытпай, барынша көңіл бөлуге тырысып келеміз. Кешегі сұрапыл соғыс жылдары майданға от кешіп, кейінгі ұрпақ бейбіт заманда өмір сүрсін деп, балғын жастықтарыңыз бен денсаулықтарыңызды аямадыңыздар. Жаудың бетін қайтарып, соғыстан кейінгі аса қиын жылдары елдің қауқарын түзетуге барын салып, еңбек еткен де сіздерсіздер. Жауға қарсы соғысқан майдангер азаматтардың киімінен бастап тамағына дейін бәрін қамтамасыз еткен тыл жауынгерлерінің де еңбегі орасан зор болғанын баршамыз білеміз. Ел алдында сіңірген еңбектеріңіз үшін алғысымды жеткізе отырып, Сіздерге зор денсаулық, қажымас қайрат, бақыт, отбасыларыңызға бақ-береке тілеймін!», - деді аудан басшысы. 


Шақырылған қонақтар назарына ауданның талантты жастары мен «Сан Райс» би тобының қатысуымен, арнайы концерттік бағдарлама ұсынылды. Шараны ұйымдастырушылар мейрамхана басшылығына қолдау көрсеткендері үшін өз алғыстьарын білдіріп, жақсылық тіледі. 


Ал, қариялар, өз кезегінде, Әуезов ауданының әкім аппаратына, партияға, ардагерлер Кеңесіне және мерйамхана ұжымына алғыстарын айтып жатты.

08.10.2018