Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіз!
A   A   A
Әуезов ауданы
әкімінің
аппараты
Сурет галереясы
Әкімге сұрақ
Задать вопрос Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз
Жаңалықтар мұрағаты
Барлық жаңалықтар
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
26 27 28 29 30 1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31 1 2 3 4 5 6
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

08.10.2018
ҚР жинақтаушы зейнетақы жүесіне 20 жыл

2018 жылдың 8 қазаны күні, Әуезов ауданының әкім аппаратының қолдауымен, «БЖЗҚ» АҚ-ның Алматы қаласындағы филиалының диеркторы Н. С. Амреновтың қатысуымен, Қазахстанның жинақтаушы зейнетақы жүесінің 20 жылдық мерейтойы қарсаңында, Алматы мемлекеттік көпсапалы колледжінің студенттері мен мұғалімдеріне арнайы, жинақтаушы зейнетақы қорының қызметі және зейнетақы жүйесінің ерекшеліктері мен даму бағыттары туралы қызмет көрсету бөлімінің мамандары ақпарат берді. 


Қатысушыларға зейнетақы реформасының 20 жылдық қорытындысы, зейнетақы жүйесін жаңғырту, сонымен қатар Қазақстан Республикасының зейнетақы заңнамасына 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап енгізілген өзгерістер туралы айтылды. Бұл шара халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру, жинақтаушы зейнетақы жүйесіне тарту, міндетті зейнетақы жарналарының уақытылы түсуі мен көлемінің артуын қадағалау, зейнетақы жүйесін жаңғырту туралы ақпарат беру, сондай-ақ жинақталған зейнетақы қаражатын жоспарлау мәдениетін жетілдіруге бағытталған. 

1998 жылы Қазақтан негізі жинақтаушы моделі болып келетін аралас зейнетақы жүйесіне ауысты. Осы сәттен бастап қазахстандықтар табысынан 10 пайыз көлемінде міндетті зейнетақы жарналарын аудара бастады. Қазіргі таңда Қазахстанның зейнетақы жүйесі көпдеңгейлі. Зейнетақы бүгінгі таңда үш негізгі көзден тұрады: базалық, еңбек және зейнетақы жинақтары. Жыл сайын еңбек зейнетақысының үлесі төмендейді. 2040 жылы лайықты демалысқа шыққан зейнеткерлер зейнетақысын тек зейнетақы жинақтарына байланысты ғана алады. 

Заман талабына сай зейнетақы жүйесі әрдайым жаңғыртылып отырады. Сонымен қатар БЖЗҚ-да ұзақ мерзімді перспективада түрлі сценарийлер бойынша жинақталған зейнетақы жүйесінің болашақ дамуының актуарлық зерттеулері мен болжамдары жүргізіледі. Қазақстан зейнетақымен қамсыздандырудың әртараптандыру қағидаттарын сақтайды, яғни жүйенің бір компонентінің артықшылығы екіншісінің әлсіз жақтарын өтейді. Осылайша, ортақ компонент бірте-бірте жинактаушы компонентпен ауыстырылады. Одан бөлек ҚР Ұлттық Банкінде зейнетақы активтерін басқарудың бір бөлігін конкурентті ортаға: қазақстандық және шетел компанияларына беру туралы ұсынысты дамыту жұмыстары белсенді өткізіліп жатыр. Салымшыға инвестициялық стартегиясы мен жеке басқару компаниясын таңдау мүмкіндігі беріледі деп жоспарлануда. Дегенмен, БЖЗҚ Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесінің барлық қаржылық және ақпараттық ағымдарының бірыңғай әкімгері және операторы болып қалады.

Сонымен бірге Интернет арқылы және басқа да қор қызметтерінің барлық түрлерін максималды қолжетімді ету жұмыстары үздіксіз жасалуда. Бүгінде зейнетақы қызметтерінің барлығы цифрлық форматта қолжетімді, бұл біздің салымшыларымызбен қарым-қатынсасымыздың стилін мүлдем өзгертеді, қызмет көрсету одан әрі дербес және оперативті бола түседі.

08.10.2018