Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіз!
A   A   A
Әуезов ауданы
әкімінің
аппараты
Сурет галереясы
Әкімге сұрақ
Задать вопрос Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз
Жаңалықтар мұрағаты
Барлық жаңалықтар
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
30 1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31 1 2 3
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

08.10.2019
Аудан қарттары мерекелік түскі асқа шақырылды

2019 жылдың 8 қазаны күні Әуезов ауданы әкім аппаратының және «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының ұйымдастыруымен, «Береке» мейрамханасында, Қарттар айлығының аясында, ауданның 60 шақты қарияларына мерекелік түскі ас берілді. 


Естеріңізге сала кетерлік жайт, 1 қазанда дүниежүзі Қарттар күнін тойлайды. Бұл мереке осыдан 21 жыл бұрын, 1990 жылы, 14 желтоқсанда БҰҰ-ның Бас ассамблеясында бекітілген болатын. Оның мақсаты – қарттарға қол ұшын беру. 

Мерекенің негізгі себепкерлерін Қариялар күнімен Әуезов ауданының № 12 округі бойынша Алматы қалалық Мәслихатының депутаты Ерболат Қасымов, аудан әкімінің орынбасары Дастан Қайратұлы, аудандық Ардагерлер кеңесінің төрайымы Бәтима Ыбыраева мен «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының төраға орынбасары Найля Ордабаева құттықтады. Олар өз тілектерінде қариялар алдарында әрқашан бас ие отырып, жастарға үнемі мақтан етіп, үлгі-өнеге тұтатындарын атап айтты. 


Келген қонақтар өзара әңгімелесіп, жас кездеріндегі өлеңдерді естеріне салып, ән шырқап, би биледі. Олар ұйымдастырушылар мен мейрамхана әкімшілігіне өз алғыстарын білдірді.


08.10.2019