Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіз!
A   A   A
Әуезов ауданы
әкімінің
аппараты
Сурет галереясы
Әкімге сұрақ
Задать вопрос Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз
Жаңалықтар мұрағаты
Барлық жаңалықтар
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31 1 2 3 4
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

09.02.2018
«Кездейсоқ жүктілік – қауіпті қатер» тақырыбында кездесу өткізілді

2018 жылдың 9 ақпаны күні, Әуезов ауданы аумағында орналасқан № 42 жалпы орта мектебі мен қалалық № 10 емхананың бастауыш партия ұйымдарының ұйымдастыруымен, ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауын, партияның «Бақытты отбасы – бақытты балалық шақ» жобасын жүзеге асыру аясында, кәмелеттік жасқа толмағандар арасында кездейсоқ жүктіліктің алдын алу мақсатында, «Кездейсоқ жүктілік – қауіпті қатер» тақырыбында кездесу өткізілді. 


Кездесу барысында қалалық № 10 емхананың психологы А. Ж. Имансеитова және акушер А. Б. Шертаева кездейсоқ жүктілік салдарының адам өміріне, қоғамға тигізер қауіп-қатері туралы баяндады. Кездейсоқ жүктіліктің болашақ ана – қыз баланың өз өміріне өзі балта шабуы болып табылатындығын жеткізді. Жасанды түсік жасату кезінде қыз баланың денсаулығынан айырылып қана қоймай, бақытты балалық шағын жоғалтатындығын, отбасы, отбасын құру, ана атану бақытынан айырылуы мүмкін екендігін алға тарта отырып, жас жеткіншектердің жыныстық қарым-қатынастан аулақ болуларына, салауатты өмір салтын ұстанып, рухани тұрғыдан жаңаша жаңғыруларына кеңестер берді. Адами капитал – қоғам дамуының негізі болып табылатындықтан, кездейсоқ жүктіліктің қоғамға тигізер қауіп-қатерінен сақтауда тал бесік тәрбиенің мәнінің тереңде екенін ұғындыра білейік! 

«Нұр Отан» партиясының Әуезов аудандық филиалы барша қазақстандықтарды өзекті мәселе төңірегінде ұлт руханиятының қағидаларын мүлтіксіз сақтап, ұлт мүддесі, өскелең ұрпақ мүддесі үшін тиянақты түрде жұмыс жасай отырып, жастарды парасаттылыққа, сананың ашықтығына, рухани-адамгершілікке, ізеттілікке тәрбиелеуге шақырады.

09.02.2018