Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіз!
A   A   A
Әуезов ауданы
әкімінің
аппараты
Сурет галереясы
Әкімге сұрақ
Задать вопрос Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз
Жаңалықтар мұрағаты
Барлық жаңалықтар
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
30 1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31 1 2 3
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

09.02.2018
Коньки спортынан жарыс өткізілді

2018 жылдың 9 ақпаны күні, Әуезов ауданы әкім аппаратының ұйымдастыруымен, Қазақстан Республикасының астанасы – Астана қаласына 20 жыл толуына және ХХІІІ қысқы Олимпиаданың ашылуына орай, «Ақ барыс» мұз айдынында аудан мектептерінің 8-9 сынып оқушылары арасында коньки тебуден жарыс өтті. 


Жарыстың басты мақсаты Қазақстан Республикасы Президентінің «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Қазақстан халқына Жолдауын, «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын, «Қазақстан Республикасының дене шынықтыруды дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасын» іске асыру, салауатты өмір салтын қалыптастыру, спортқа деген қызығушылықтарын дамыту және жетілдіру болып табылды.

Іс-шараға қатысушыларды Әуезов ауданы әкім аппаратының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Бекжан Қуанышев қарсы алып, жылы лебізін білдіріп, жарыста сәттілік тіледі. 

Жарысқа аудандағы 15 жалпы орта білім беру мектептерінің құрама командалары қатысып, жарыс нәтижесі бойынша жүлделі бірінші орынды № 113 мектеп командасы иемденсе, екінші орын № 9 мектепке бұйырды. Ал үшінші жүлде № 132 мектеп-гимназия еншісіне бұйырды. Жеңімпаздар грамоталармен және естелік сыйлықтарымен марапатталды.

09.02.2018