Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіз!
A   A   A
Әуезов ауданы
әкімінің
аппараты
Сурет галереясы
Әкімге сұрақ
Задать вопрос Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз
Жаңалықтар мұрағаты
Барлық жаңалықтар
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
26 27 28 29 30 1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31 1 2 3 4 5 6
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

09.02.2018
Перзентханада Елбасы Жолдауын талқылау бойынша жиын өтті

2018 жылдың 9 ақпаны күні № 5 қалалық перзентхананың бас дәрігері, профессор Ғани Бодықов, Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауын талқылау мақсатында, перзентхана ұжымымен жиналыс өткізді. 


Жиналыс барысында Жолдауда өнеркәсіптік технологиялар, өнеркәсіптік кешендер, көлік логистикасы, инфрақұрылым, коммуналдық қызметтер, заманауи технологиялар, адами капиталдар, тиімді мемлекеттік басқару және «ақылды ел» үшін «ақылды қала» мәселелеріне көңіл бөлінгені айтылды.

Жиналысқа қатысушылар осы Жолдаудағы мәселелер бойынша өз пікірлерімен бөлісті. Мемлекет басшысының еліміздің әрі қарай дамуына және экономиканың барлық салаларына арналған Жолдауының маңыздылығын атап өтті. Елбасы саясатына қолдау көрсетіп, елдің және бүкіл қазақ халқының игілігі үшін жұмыс істеуге деген үлкен ықылас білдірді.

09.02.2018