
09.04.2018
2018 жылдың 9 сәуірі күні Әуезов ауданы әкім аппаратының мемлекеттік-құқықтық бөлімінің басшысы Олжас Хусайынов, жастардың құқықтық мәдениетінің деңгейін жоғарлату және студенттердің құқықтық ағартушылықтарын меңгеру мақсатында, НарХоз университетінде «Аймақтық экономика және басқару» пәні бойынша, студенттермен «Аймақтар экономикасының дамуын реттеудің құқықтық негіздері» тақырыбында дәріс оқыды.
Іс-шараға «Мемлекеттік және жергілікті басқару», «Юриспруденция» және «Әлеуметтік жұмыс» мамандықтары бойынша 3 курс стуленттері мен «Мемлекеттік басқару» кафедрасының оқытушылары қатысты.
Іс-шара барысында, Олжас Хусайынов студенттерге үкіметтің муниципалды органдары сыбайлас жемқорлықпен күресетін әдіс-тәсілдер туралы, ҚР «Мемлекеттік қызмет туралы», «Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңдары жөнінде айтып, «Әуезов ауданының әкім аппараты» КММ-сімен таныстырып өтті.
Университеттің студенттері дәріс кезінде белсенділік танытып, туындаған сұрақтарын қойып жатты. Барлық сұрақтарына нақты жауаптар мен түсініктемелер берілді.