Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіз!
A   A   A
Әуезов ауданы
әкімінің
аппараты
Сурет галереясы
Әкімге сұрақ
Задать вопрос Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз
Жаңалықтар мұрағаты
Барлық жаңалықтар
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
25 26 27 28 29 30 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31 1 2 3 4 5
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

09.04.2018
Жас талант футбол додасында белсенділік танытты

2018 жылдың 9 сәуірі күні, Алматы қаласы дене шынықтыру және спорт басқармасының бастамасымен, Кеңес Одағының Батыры, Халық Қаһарманы, әскери шенді қызметкер, даңқты қолбасшы, қазақтың көрнекті жазушысы Бауыржан Момышұлын еске алу және «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарлама негізінде, Әуезов ауданы аумағында 2007 жылғы жасөспірімдер арасында футболдан жарыс өтті. 


Аудандағы № 42 жалпы білім беру мекемесінің 5-сынып оқушысы, оқу озаты, «Қайрат-2007» футбол командасының мүшесі Ибрахим Болатұлы белсенділік танытты. Ол Алматы қаласының «Магнитка», «Лакаматив», «2008 – Қайрат», «2007 – Қайрат» футбол командаларының арасындағы додада «Үздік жартылай қорғаушы» номинациясы бойынша І дәрежелі дипломға ие болды. 

Мектептің бастауыш партия ұйымының төрайымы Айсәуле Қарымбай және ұстаздары, «Нұр Отан» партиясының «Бақытты отбасы – бақытты балалық шақ!» жобасы аясында, жас футболшы Ибрахим Болатұлының балалық шағында бағындырған биік межесімен құттықтап, оның батыр атамыз Бауыржандай рухы биік, өр тұлғалы, қайсар да өжет, елінің намысын қорғайтын нағыз патриот, көшбасшы болып қалыптасуына сенім артып, бастауыш партия ұйымы атынан рухани қолдау танытты.

09.04.2018