Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіз!
A   A   A
Әуезов ауданы
әкімінің
аппараты
Сурет галереясы
Әкімге сұрақ
Задать вопрос Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз
Жаңалықтар мұрағаты
Барлық жаңалықтар
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
25 26 27 28 29 30 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31 1 2 3 4 5
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

09.04.2018
Қалалық емханада «Ашық есік күні» өтті

2018 жылдың 9 сәуірі күні, «Нұр Отан» партиясының «Ардагерлерді ардақтайық!» жобасы аясында, Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен тыл майданына қатысушыларға арналған «Ашық есік күні» өтті. 


Іс-шара барысында ардагерлер, мемлекеттік тапсырыс негізінде, ем алып, дәрігер-кардиолог Гүлнәр Ақанова, эндокринолог Мөлдір Жамалова мен отбасылық дәрігер Жансая Сүгіралы қарттарымызға дәрігерлік кеңестерін берді. 

«Екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлері, тыл және еңбек жұмысшыларының төзімділігі, ерен еңбектері мен табандылықтарының арқасында біз осындай бейбіт өмір сүріп жатырмыз. Оларға деген құрмет көрсету біздің қасиетті борышымыз. Тарихымызды, өткенімізіді ұмытпау, үлкенді, қарттарымызды сыйлау және оларға қамқорлық жасау – іс-шараның негізі де осы. Аға буын үшін біздің есігіміз әрдайым ашық», - деп, Гүлнәр Ақанова өз ойын білдірді.

09.04.2018