Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіз!
A   A   A
Әуезов ауданы
әкімінің
аппараты
Сурет галереясы
Әкімге сұрақ
Задать вопрос Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз
Жаңалықтар мұрағаты
Барлық жаңалықтар
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
31 1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31 1 2 3
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

09.05.2017
Аудан әкімі ардагерлерді үйлерінде құттықтады

2017 жылдың 9 мамыры күні Әуезов ауданының әкімі Алтай Рақымбетов Ұлы Отан соғысының ардагерлері С. Калинин, Б. Тұрарұлы және Н. Ивановтың үйлеріне барып, Ұлы Жеңіс күнімен құттықтап, гүл шоқтары мен азық-түлік себеттерін тапсырып шықты.

Калинин Семен Семенұлы 1920 жылы 12 шілдеде туылған. Соғыс жылдары І Белорус фронтына, І Украйын майданы құрамында болған. Ол «Қызыл Жұлдыз», «І дәрежелі Отан соғысы» ордендері мен «Соғыстағы ерлігі үшін», «Сталинград қорғаны үшін», «Германияны жеңгені үшін», «Мәскеуді азат еткені үшін» және басқа медальдармен марапатталған.


Иванов Николай Иванович Чувашия тумасы. Ол екінші Мәскеу дивизиясының бесінші атқыш полкінің құрамында болды. 1941 жылдың қыркүйегінде полк екінші атқыш дивизиясының 1284-ші атқыш полкі деп атанды.


Байтума Тұрарұлы кездесу барысында, өзінің естеліктерімен бөлісті. Ол соғыс басталғаннан, аяқталғанға дейін қатысқан. Қария 1939 жылы әскерге шақырылып, 1941 жылы фашистерге қарсы соғысқа аттанады. Байтума ата, майданда «Біріміз бәріміз үшін, бәріміз біріміз үшін!» деген басты ұранмен кескілескен майданға түсті. «Ұлы Жеңіске майдангерлердің мықты күш-жігерінің арқасында жетті. Жеңіске жету – ол шыдамдылық пен мықты тәртіптің арқасы», - деді.


Алтай Рақымбетов құрметті ардагерлермен кездесіп, олармен әңгімелсудің өзі үлкен мақтанышы екенін атап кетті. Ол өзінің құттықтау тілегінде «Сіздер өздеріңіздің өмірлеріңізде, талай қиыншылықтарды бастан кешкендеріңізге қарамастан, Ұлы Жеңіске қол жеткіздіңіздер. Сіздер қолдарыңызға қару алып, Отан үшін қан майданға қатыстыңыздар. Сіздердің ерен еңбектеріңізге бас иіп, алғысымызды білдіреміз! Біз Сіздер арқылы мақтана аламыз, бүгінгі күні бейбіт өмір сүріп отырғанымызды сіздердің арқаларыңыз деп түсінеміз. Бүгінгі таңда Сіздің шаңырағыңызға жақсылық пен бақыт, тілей отырып, еліміздің тыныштығы мен амандығын, болашағымыздың бақытты болуын тілейміз. Сіздерге үлкен рахмет, ұзақ жасап, бақытты өмір сүріңіздер!», - деп аудан басшысы сөзін аятады.

Ардагерлер аудан басшысына, өзерінің алғыстарын білдіріп, елімізге тыныштық, ашық аспан мен еңбектеріңіз жемісті болсын, деген баталарын беріп шығарып салды.

09.05.2017