Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіз!
A   A   A
Әуезов ауданы
әкімінің
аппараты
Сурет галереясы
Әкімге сұрақ
Задать вопрос Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз
Жаңалықтар мұрағаты
Барлық жаңалықтар
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31 1 2 3 4
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

09.05.2017
Аудан әкімі тұрғындарды Жеңіс күнімен құттықтады

2017 жылдың 9 мамыры күні Әуезов ауданы әкімі Алтай Рақымбетов, «Family» саябағында соғысқа қатысқан ардагерлерді, аудан тұрғындары мен қонақтарын, Ұлы жеңістің 72 жылдық меркесімен құттықтады.

Шара барысында, іскери бөлімшенің сарбаздары мен Алматы әскери-инженерлік радиоэлектроника және байланыс институтының курсанттары, өз әскери-техникалық шеберліктерін көрсетті.


Жеңіс! Ұлы Жеңіс ешқашан ешнәрсемен салыстыруға болмайтын, үлкен қуаныш. Ел басына түскен қасіретті соғыс жылдары ешқашан ұмытылмайды. Сол от пен оқтың ортасынан туған жердің топырағы бұйырғандары жақын, ағайын-жуығын үлкен қуанышқа бөлесе, бірқатарына ыстық ұясына оралу бақыты бұйырмады. Сұрапыл соғыста сан мыңдаған адам Отан үшін отқа түсіп, қаншама боздақтар сұм соғыстың құрбаны болғаны – ащы шындық. Олардың басым көпшілігі ерліктің ерен үлгісін көрсетіп, халқымыздың ерлік рухын асқақтатты. Қатысушылар назарына хор капелласының, қазақстандық эстарда жұлдыздарының, ауданның көркем өнерпаздарының, шығармашылық ансамбльдердің қатысуымен, әскери тақырыптардағы әндер орындалды.


Алтай Рақымбетов аудан ардагерлерін арнайы мерекемен құттықтап: «Біз еркіндік пен тәуелсіздік жолында құрбан болған боздақтарымызды мәңгі есте сақтаймыз. Тылда еңбек еткен, біздің аға-апаларымызға қандай құрмет көрсетсек те артық емес. Сіздердің маңдай терлеріңізбен атқарылған жұмысқа, біз алғысымызды, сөзбен айтып жеткізе алар емеспіз. Бүгінгі ұрпақ сізердің ерліктеріңізді ешқаша естен шығармайды, сіздерге бас иіп, тек қана алғыс білдіреміз! Сұрапыл майданда қаза болған боздақтарымызды мәңгі есте сақтаймыз! Осындай мерекелі сәтті пайдаланып, баршаларыңызға ашық аспан, зор денсаулық, бейбіт өмір тілеймін!», - деп, сөзін қорытындылады.


09.05.2017