Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіз!
A   A   A
Әуезов ауданы
әкімінің
аппараты
Сурет галереясы
Әкімге сұрақ
Задать вопрос Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз
Жаңалықтар мұрағаты
Барлық жаңалықтар
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
25 26 27 28 29 30 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31 1 2 3 4 5
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

09.08.2017
Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға кедергісіз орта жасау бойынша отырыс өтті

Қазіргі таңда мүмкіндігі шектеулі азаматтарға медициналық көмек көрсетуді жетілдіру, оңалту және арнаулы әлеуметтік қызметтердің тиімділігін арттыру, техникалық құралдармен қамтамасыз етумен бірге, мүмкіндігі шектеулі адамдарды жұмыспен қамту және олардың қоғамдық өмірмен тығыз қарым-қатынас орнатуы үшін кедергісіз орта қалыптастыру мәселесіне айрықша көңіл бөлініп жатыр. 

2017 жылдың 9 тамызы күні «Нұр Отан» партиясы Әуезов аудандық филиалында, партияның «Кедергісіз келешек» жобасы аясында, мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін қолайлы жағдайларды жасап, олар үшін кедергісіз орта қалыптастыру мақсатында арнайы құрылған комиссия отырысы өтті. 


Комиссия отырысына «Нұр Отан» партиясы Әуезов аудандық филиалының Саяси кеңес және Жемқорлықтың алдын алу Қоғамдық кеңес мүшелері, Алматы қаласы сәулет-құрылыс бақылау басқармасының, үкіметтік емес ұйымдардың, № 3 әлеуметтік қызмет көрсету Орталығының және мүмкіндігі шектеулі азаматтарды оңалту Орталығының өкілдері қатысты. 

Мүгедектерге арналған қолжетімді ортаның қалыптасуы тұрғысында ауданда орналасқан барлық әлеуметтік нысандар мен ғимараттардың алдына мүгедектердің арбаларына арналған кіре¬беріс жолдар, пандустар және автокөлік қоятын арнайы тұрақтардың белгілері орнатылып, қазіргі кезде нысандарды толығымен бейімдеу жұмыстары өз жалғасын табуда. 

Осы жұмыстарды қадағалау мақсатында арнайы жұмыс топтары құрылып, аудан аумағында салынуы жоспарланып отырған әлеуметтік маңызы бар нысандардың ғимараттарын салу және қайта жөндеу кезінде кіреберіс жолдарының, пандустар, мүгедек арбаларына арналған құрылғылардың, тұрақтардың орнатылуын ескере отырып, құрылыс нормалары мен қағидаларының қатаң сақталуын бақылап, қадағалайтын болады.

09.08.2017