2020 жылдың 13 шілдесі
Қазақстан Республикасындағы
ұлттық аза тұту күні
Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіз!
A   A   A
Әуезов ауданы
әкімінің
аппараты
Сурет галереясы
Әкімге сұрақ
Задать вопрос Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз
Жаңалықтар мұрағаты
Барлық жаңалықтар
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
31 1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 1 2 3 4
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

09.10.2017
Қарттар күні мерекесі басталғалы ақ дастархан жиылған емес

«Қариясы бар елдің сарқылмас дариясы бар» деп ақиық ақын Мұқағали Мақатаев айтқандай, өмір жолдары өз алдына бір тарих, шежіре болып табылатын, ұрпақтан ұрпаққа табылмас қазына саналатын қарттарымыздың орны қашанда ерекше. 

Салт-дәстүріміздің қаймағын бұзбай, асылымызды ардақтап, мұрамызды сақтап, ұрпақтан-ұрпаққа сол қалпында жеткізген көнекөз қарияларымыз бен ардақты да абзал ардагерлерімізге қандай құрмет көрсетіп, қандай ізет жасасақ та жарасымды емес пе? 

Осы орайда, Алматы қаласының мәслихат депутаты Ханзада Есенова жас жеткіншектерімізге де, қарияларымызға да үнемі аса ілтипатпен көңіл бөлуді, олармен тығыз қарым-қатынас орнатуды назарынан тыс қалдырған емес. 

Ақ дастархан басында бас қосқан қариялар бір-бірімен шүйіркелесіп, өткенін еске алып, бүгініне ризашылықтарын білдіріп, барға қанағат етті. Сағынысып сыр шертіскен замандас қариялардың айтар сыры да шежіре-дастан. Тіске жұмсақ ас мәзірі арасында қариялар халық әуендерін нақышына келтіре орындап, бір-біріне көтеріңкі көңіл-күй сыйлады, денсаулық пен дастархан байлығын, өмір байлығын тіледі. 

«Батаменен ел көгерер» дегендей жиналған қариялардың берген ақ батасы еліміздің өркендеуі мен гүлденіп, көркеюіне, жастардың өмірінің, болашағының жақсара түсуіне демеу болғандай. Олар Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың халық игілігі үшін жасап отырған жыл сайынғы бағдарламаларының өміршеңдігін тілге тиек ете отырып, мемлекет тарапынан да қарапайым халық үшін көрсетіліп отырған қолдаулары мен қамқорлықтарына дән ризашылықтарын білдірді.

09.10.2017