2020 жылдың 13 шілдесі
Қазақстан Республикасындағы
ұлттық аза тұту күні
Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіз!
A   A   A
Әуезов ауданы
әкімінің
аппараты
Сурет галереясы
Әкімге сұрақ
Задать вопрос Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз
Жаңалықтар мұрағаты
Барлық жаңалықтар
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
31 1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 1 2 3 4
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

09.10.2017
Ұлттық ойындар сайысы жастарды бақытқа бөледі

Ұлттық ойындар атадан – балаға, үлкеннен – кішіге мирас болып қалған асыл қазынамыз, ұлттық байлығымыз. Ол адамның дене күш-қуатын молайтып, шапшаңдыққа, дәлдікке үйретіп қана қоймай, адамның ақыл-ойының толысып, өсуіне зор ықпалын тигізеді. 

2017 жылдың 9 қазаны күні, Әуезов ауданының әкім аппараты мен «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалы, партияның «Ұлы дала қазынасы» бағытын жүзеге асыру барысында, № 5 мектеп-гимназиясында 7 сынып оқушылары арасында «Біз бірге болсақ, бәрін де жеңеміз!» атты сайыс өткізді. 


Аталмыш іс-шараның мақсаты – жас жеткіншектерді ұлттық спорттық өнерге баулу, ұлттық ойындар арқылы олардың бойларында партиоттық сезім ұялату, бірлікке, ынтымақтастыққа баулу, салаутты өмір салтын дәріптеу. 

Жас жеткіншектер қазақ халқының ұлттық ойындары аса таяқ,тұмақ ұру, мерген, арқан тартудан бәсекеге түсті. Тартысты өткен сайыс өз мәресіне жетіп, жеңімпаз командалық топтар мақтау грамоталарымен марапатталды. Ұлттық ойындарға негізделген спорттық сайыстың жастардың бойына достық, бірлік, ынтымақтастық құндылықтарды қалыптастыруға ықпалы зор болды. 

Жас жеткіншектер ұлттық ойындардың адамның дене бітімінің дамуы мен дұрыс қалыптасуына, өмірге бейімделуіне пайдасы мен рөлін сезініп, ұлттық қазынамызды қастерлеуді, сүюді үйренді, оның адамның ақыл-ойының толысуына әсерінің зор екендігін түсінді. Бойларында жігер мен қайраты тасыған жастар алдарына мақсат қоя білуді, нәтижеге қол жету үшін еңбексүйгіштік қасиеттердің, жеңіске жету жолында төгілер тер мен рухани-адамгершілік сияқты құндылықтардың алар орнының маңыздылығын ұғынды.

09.10.2017