Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіз!
A   A   A
Әуезов ауданы
әкімінің
аппараты
Сурет галереясы
Әкімге сұрақ
Задать вопрос Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз
Жаңалықтар мұрағаты
Барлық жаңалықтар
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
30 1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31 1 2 3
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

09.10.2019
Ауданда спорт алаңдары салтанатты түрде ашылды

2019 жылдың 9 қазаны күні, Әуезов ауданының әкімі САйран Сайфеденовтың қатысуымен, № 126 жалпы білім беретін мектептің аумағында жаңа спорт алаңдарының салтанатты ашылуы өтті. 


Аталған іс-шараға Әуезов ауданының № 12 округі бойынша, Алматы қалалық Мәслихатының депутаты Ерболат Қасымов пен басқа депутаттар, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының бірінші орынбасары Найля Ордабаева және тағы басқалар қатысты. 


Іс-шараның мақсаты мемлекет басшысының «Сындарлы қоғамдық сұхбат - Қазақстанның тұрақтылығы мен гүлденуінің негізі» Жолдауын, «Қазақстан Республикасында дене шынықтыруды дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру, жасөспірімдер арасында салауатты өмір салтын насихаттау және балаларды дене шынықтырумен әрі спортпен шұғылдануға тарту болып табылды. 

Сайран Сайфеденов, оқушылар мен мұғалімдерді атаулы күнмен құттықтап, бүгінгі таңда футбол мен баскетболды ұнататын лицейде оқитын көп балалардың армандары орындалғанын атап айтты. Енді осындай жақсы футбол және баскетбол алаңында балалар физикалық тұрғыдан жақсы дамып, керемет ойындарың көрсете алады. 


«Дене шынықтыру және спортпен үнемі айналысатын жастар санын көбейту – аудан әкімдігінің маңызды міндеттерінің бірі болып табылады. Осы жұмыстың нәтижесінде ауданымызда «Динамо» және «Медина» 2 үлкен спорт кешені, «Нархоз» университетінің стадионы, 7 бассейн, 1273 балалар қамтитын 87 тегін спорттық секциялар, 1386 аз қамтылған және көп балалы отбасылар үшін 92 үйірме жұмыс істейді. 1200-ден астам балаларға арналған 4 спорт аула клубы жұмыс істейді. Сондай-ақ, тұрғын үй секторындағы спорттық инфрақұрылым да жетілдірілуде. Ауданның 269 ауласында күрделі жөндеу жүргізілді, оның ішінде 59 аулаға 32 футбол, 22 баскетбол және 5 волейбол алаңдары орнатылды. Ағымдағы жылы 37 500 адам қатысқан 270-тен астам мәдени және спорттық іс-шаралар өткізілді», - деп, аудан әкімі іс-шараға қатысушыларға зор денсаулық пен жақсылық тіледі.


09.10.2019