Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіз!
A   A   A
Әуезов ауданы
әкімінің
аппараты
Сурет галереясы
Әкімге сұрақ
Задать вопрос Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз
Жаңалықтар мұрағаты
Барлық жаңалықтар
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
28 29 30 31 1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 1
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

10.01.2018
Мектеп 50-жылдық мерейтойын атап өтті

2018 жылдың 10 қаңтары күні, Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы негізінде, «Нұр Отан» партиясының «Ұлы дала қазынасы» бағыты аясында, «Нұр Отан» партиясы Әуезов аудандық филиалының қолдауымен, № 6 мектеп-гимназиясының құрылғанына 50 жыл толуына орай, мерекелік өс-шара өтті. 


Аталмыш іс-шараға ұжымды, келген қонақтарды 50 жылдың ішіндегі мектептің өмірімен, оның тарихымен таныстыру, бүгінгі жетістіктеріне көз жеткізу, алтын ұя мектебіне деген сүйіспеншілігін арттыру мақсатында ұйымдастырылған іс-шараға, мектептің байырғы ұстаздары, бітіруші түлектері және ата-аналар шақырылды. 

Мерекелік кеште білім ордасының дамуына, өркендеуіне бірден-бір үлес қосқан ұстаздардың бірі 93 жастағы Нагорная Любовь Александровна мен 20 жыл бойы осы мектепте директор болып қызмет атқарған, қазіргі «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының жетекшісі Раиса Садвакасоваға және бүгінде әр түрлі салада еңбек етіп, ел экономикасының дамуына үлес қосып жүрген мектептің бітіруші түлектеріне құрметпен сөз берілді. 

«Елу жылда ел жаңа» дегендей, кештің қадірлі қонақтары өздері еңбек етіп, білім алған мекеменің 50 жылда іргесі бекіп, керегесі кеңейген, бірлігі жарасып, ырысы тасыған, сондай-ақ жаңа заман талабына сай жабдықталып, жас ұрпаққа білім мен тәрбие беріп, олардың рухани жаңғыруы жолында алдыңғы қатарлы білім ордасына айналып отырғандығын шынайы жеткізді. Мектеп ұжымына ізгі ниеттері мен алтын ұя мектебіне деген сүйіспеншіліктерін білдіріп, естеліктер табыс етті. 

Бұдан әрі, әнмен шашу шашылған мерейтой мектептің көркем өнерпаздар үйірмесі мен ұстаздар қауымының шығармашылық ән кешіне жалғасты.

10.01.2018