Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіз!
A   A   A
Әуезов ауданы
әкімінің
аппараты
Сурет галереясы
Әкімге сұрақ
Задать вопрос Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз
Жаңалықтар мұрағаты
Барлық жаңалықтар
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
29 30 31 1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 1 2
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

10.04.2017
Төртінші басымдық – адами капиталды жақсарту

2017 жылдың 10 сәуірі күні, «Нұр Отан» партиясы Әуезов аудандық филиалы мен «Таугүл» бастауыш партия ұйымының ұйымдастыруымен, партияның «Сәтті қадам» жобасы аясында, № 2 Алматы мемлекеттік гуманитарлы-педагогикалық колледжінде «Елбасы Жолдауындағы төртінші басымдық – адами капиталды жақсарту» тақырыбында «дөңгелек үстел» өтті. 


Жиынға «Нұр Отан» партиясы Әуезов аудандық филиалының үгіт-насихат тобының өкілі Толымбек Жортұлы, «Жас Отан» жастар қанаты мүшелері және колледж оқытушылары мен студенттері қатысты. 

Шараның мақсаты – Елбасы жолдауының төртінші бағытын талқылап, әрбір Қазақстан азаматының білімді болуға, еңбек етуге мүмкіндігі барын түсіндіру. 

«Нұр Отан» партиясы Әуезов аудандық филиалының Саяси Кеңес Бюро мүшесі, № 2 Алматы мемлекеттік гуманитарлы-педагогикалық колледжінің директоры Бибі Дуанабаева: «Президентіміз биылғы Жолдауында білім беру жүйесінің рөлі өзгеруі тиіс. Бүгінгі күннің талабы –ақпараттық технологиялар саласында білімді, қаржылық жағынан сауатты, ұлтжанды ұрпақ тәрбиелеу қажеттігін баса айтты. Қала мен ауыл мектептері арасындағы білім беру сапасының алшақтығын азайту – гуманитарлы-педагогикалық колледжде білім алып жатқан студенттер, мына сендерге байланысты. Қазақстанның болашағы – білімді жастардың қолында», – деді. 

Жиын барысында жас мамандар өз идеяларымен бөлісіп, пікір алмасты.

10.04.2017