Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіз!
A   A   A
Әуезов ауданы
әкімінің
аппараты
Сурет галереясы
Әкімге сұрақ
Задать вопрос Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз
Жаңалықтар мұрағаты
Барлық жаңалықтар
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31 1 2 3 4
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

10.04.2017
Аудан кәсіпкерлері үшін Ашық есік күні өткізілді

2017 жылдың 10 сәуірі күні, Әуезов ауданы әкімінің орынбасары Бақытжан Рақымбеков, аудан аумағында орналасқан кіші және орта бизнес өкілдерімен кеңейтілген кеңес өткізді. 


Аталмыш шараға Әуезов аудандық мемлекеттік кірістер басқармасы басшысы Асқар Қабышев, ауданның аға прокуроры Болат Жұмағалиев, Алматы қалалық мемлекеттік қызмет пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы Агенттігі Басқармасының бас маманы Асхат Байұзақов, Алматы қаласының Кәсіпкерлер палатасының сарапшысы Любовь Алексеева, Алматы қаласы бойынша «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры АҚ-ның менеджері Айгерім Хамитжанова мен Әуезов ауданы әкім аппаратының қызметкерлері қатысты. 

Шараның мақсаты – үкіметтің мемлекеттік орындары мен кәсіпкерлер арасындағы байланысты, аудандағы бизнес белсенділігін дамыту, дағдарысқа қарсы бағдарламаны жүзеге асыру. 

Шара барысында, Қазақстан Республикасының 2017 жылдың 1 қаңтарындағы «Салықтар мен басқа міндетті төлемдер туралы» Кодексіне енгізілген өзгертулер мен толықтырулар түсіндіріліп, кәсіпкерлерге мемлекеттік қолдау, қаржысыз қолдау мәселелері және сыбайлас жемқорлықтың алдынн алу әрі қарсы күресу бойынша мәселелер талқыланды. 

Туындаған сұрақтарға толық та, нақты жауаптар қатарылып, тиісті кеңестер берілді.

10.04.2017