Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіз!
A   A   A
Әуезов ауданы
әкімінің
аппараты
Сурет галереясы
Әкімге сұрақ
Задать вопрос Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз
Жаңалықтар мұрағаты
Барлық жаңалықтар
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
31 1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31 1 2 3
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

10.04.2017
Ұлттық ойындар бойынша жарыс өтті

2017 жылдың 10 сәуірі күні, Әуезов ауданының әкім аппараты мен «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының ұйымдастыруымен, «Школьник» бастауыш партия ұйымының төрайымы Гаухар Манекееваның басшылығымен, партияның «Ұлы дала қазынасы» бағытын іске асыру мақсатында, № 175 мектеп-гимназиясында ұлттық ойындар сайысы өтті. 


Шараға жоғары сынып оқушылары мен ата-аналар, мектеп ұжымы қатысты. Іс-шараның негізгі мақсаты – жас ұрпаққа ұлттық құндылықтарды дәріптеу. 

Сайыста сақина салу, арқан тарту, қол күрестіру, ләңгі, тоғызқұмалақ, ханталапай сынды ұлттық ойындар ойналып, жеткіншектер қазақтың ұмыт болған ойындарын да еске түсіруге тырысты. «Нұр Отан» партиясының «Ұлы дала қазынасы» бағыты аясында өткен шарада жасөспірімдер қазақтың ұлттық құндылықтарынан мол мағлұмат алды», – дейді Гаухар Манекеева. 

«Ұлы дала қазынасы» бағытын іске асыру аясында мәдени көпшілік шаралар бастауыш партия ұйымдарының барлығында өткізілуде.

10.04.2017