Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіз!
A   A   A
Әуезов ауданы
әкімінің
аппараты
Сурет галереясы
Әкімге сұрақ
Задать вопрос Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз
Жаңалықтар мұрағаты
Барлық жаңалықтар
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
29 30 31 1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 1 2
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

10.04.2017
«Тіл – татулық тірегі» атты байқау өтті

2017 жылдың 10 сәуірі күні, Әуезов ауданы әкім аппаратының және «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының ұйымдастыруымен, Алматы қаласы көпсалалы колледжінде, қазақ ұлттары емес арнайы орта оқу орындары оқушыларының арасында «Тіл – татулық тірегі!» атты аудандық байқау өтті. 


Шараның мақсаты аудандағы жастар арасында мемлекеттік тілді жетілдіру және насихаттау, мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру, қазақ тілінде сөйлеуді дамыту болып отыр. 

Іс-шараға қатысушыларды Әуезов ауданы әкім аппаратының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы мен бас маманы Бекжан Қуанышев пен Мақпал Ешенова құттықтап, жылы лебіздерін білдірді. Олар шараны ұйымдастыру мақсатына тоқталып, Әуезов ауданы әкім аппаратының осы бағыттағы жұмысы туралы айтып, байқауға қатысушыларға алдағы сайыста сәттілік тіледі. 

Байқауға қатысушылар өз араларында төрт тапсырма бойынша бәсекелесті. Бірінші кезекте, олар өлең жолдары арқылы өз командаларын таныстырды. Сосын, әр қатысушы берілген тақырып бойынша эссе жазды. Әрі қарай олар, таңдап алған билет бойынша, жұппен сұхбаттасты. Байқаудан кейін, қатысушылар назарына, «Шабыт жұлдызы» тобының қатысуымен, концерттік бағдарлама ұсынылды. 

Байқау қорытындысы бойынша, бірінші жүлделі орынды Алматы мемлекеттік жаңа технологиялар колледжінің оқушысы – үнді қызы Дильбар Сулиева жеңіп алды. Екінші орынды Алматы көпсалалы колледжінің оқушыларынан құрылған орыс этномәдени орталығы иеленді. Үшінші оырынға Алматы сервистік қызмет көрсету колледжінің оқушысы Юлия Кренс ие болды. 

Жеңімпаздар аудан әкімінің мақтау қағаздарымен және естелік сыйлықтармен марапатталды.

10.04.2017