Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіз!
A   A   A
Әуезов ауданы
әкімінің
аппараты
Сурет галереясы
Әкімге сұрақ
Задать вопрос Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз
Жаңалықтар мұрағаты
Барлық жаңалықтар
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
26 27 28 29 30 31 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 1 2 3 4 5 6
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

10.04.2018
«Өрт – тілсіз жау!» тақырыбында семинар-сабақ өткізілді

2018 жылдың 10 сәуірі күні, Әуезов ауданы аумағында орналасқан, Алматы «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» қыз балалар лицейінде, лицейдің бастауыш партия ұйымының ұйымдастыруымен, «Нұр Отан» партиясының «Бақытты отбасы – бақытты балалық шақ!» жобасы аясында, «Өрт – тілсіз жау!» тақырыбында семинар-сабақ өткізілді. 


Апат айтып келмейді, әйтсе де, төтенше жағдайларға сақадай сай болу әрбір адамның, мекеменің, отбасының міндеті. Тілсіз жаудың орын алу себептерінен бейбіт өмірде қаншама отбасы мен жас жеткіншектер, ересектер бақытсыздыққа ұшырауда. 

Өскелең ұрпақққа өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды үйретуге бағытталған іс-шара барысында Ресейдегі Кемерово қаласындағы «Зимняя вишня» сауда орталығында болған өрттен қаза тапқандарды еске алу мақсатында, бір минут үнсіздік жарияланды. Бұдан әрі, партия мүшесі, кадр маманы Жазира Али тілсіз жау өрттен қорғанудың әдіс-тәсілдерімен және қауіпсіздік шараларымен таныстырды. Сондай-ақ, іс-шара барысында өрт қауіпсіздігіне байланысты бейнематериалдар көрсетілді.

10.04.2018