Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіз!
A   A   A
Әуезов ауданы
әкімінің
аппараты
Сурет галереясы
Әкімге сұрақ
Задать вопрос Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз
Жаңалықтар мұрағаты
Барлық жаңалықтар
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
25 26 27 28 29 30 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31 1 2 3 4 5
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

10.08.2017
«Мектепке жол» республикалық акциясы өтті

2017 жылдың 10 тамызы күні «Нұр Отан» партиясының Әуезов аудандық филиалында, партияның «Бақытты отбасы - Бақытты балалық шақ» жобасы аясында, «Мектепке жол» атты республикалық акциясы өтті. 


Жыл сайын, Қазақстанда дәстүрлi түрде, 1 тамыз бен 30 қыркүйек арылығында, «Мектепке жол» жалпы республикалық қайырымдылық акциясы ұйымдастырылады. Акцияның мақсаты – оқумен қамтылмаған балаларды анықтау, аз қамтамасыз етілген және көп балалы отбасынан шыққан оқушыларға, жетім балаларға, сондай-ақ оқу жылының басына дайындық уақыты кезінде ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға қолдау көрсету және әлеуметтік себептер бойынша мектепке балалардың келмеуінің алдын алу. 

«Акция барысында мектеп жасындағы барлық балалардың, оның ішінде мүгедек балалардың, аз қамтылған, көп балалы, жайсыз, толық емес отбасыларда, ерекше қажеттіліктері бар балаларды, жетім балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың, девиантты мінез-құлықты, тәуекел тобындағы және өзге де әлеуметтік жағынан осал топтары балалардың оқуына қолжетімділігін қамтамасыз ету жөніндегі шаралар қабылданатын болады», - деді «Нұр Отан» партиясының Әуезов аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мұрат Омаров. 

Іс-шараға партияның белсенді мүшелері Слямхан Сағимбеков, Насиха Кенжина, «Игілік» Республикалық журналының бас редакторы Меруерт Айтенова, көпбалалы аналар, мүмкіндігі шектеулі балалары бар отбасылар және жалғызбасты аналар қатысты. 

Барлық қатысқан балаларға мектеп сөмкелері мен мектеп құралдары табыс етілді. «Бұл акциян жыл сайын болуы қажет екенін білеміз. Балада «мектепке жол» күлкі, қызығушылық, қуаныш тудыруы тиіс. Және біз, ересектер, бұл «жол» сондай болуына барлық әрекет істеуіміз керек. «Нұр Отан» партиясы бүгін олардың жүрегінде жақсылық пен патриотизм орнаған басқа тағдырларға алаңдайтын оған мейірімді адамдардың біріккен күші болып табылады» - деді Насиха Кенжина.

10.08.2017