Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіз!
A   A   A
Әуезов ауданы
әкімінің
аппараты
Сурет галереясы
Әкімге сұрақ
Задать вопрос Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз
Жаңалықтар мұрағаты
Барлық жаңалықтар
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
31 1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31 1 2 3
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

10.08.2017
«Қазақ этнографиясы салалары» тақырыбында «дөңгелек үстел» өтті

2017 жылдың 10 тамызы күні Әуезов ауданының әкім аппараты мен Алматы қаласы Орталықтандырылған кітапхана жүйесі Елбасының «Ұлттық жаңғыру» мақаласы бойынша «Халықтың ұлттық-мәдени бірлігін сақтаудағы зиялылардың рөлі» тақырыбындағы жоба жүзеге аясында, Қазақстан Жазушылары кітапханасында «Қазақ этнографиясы салалары» тақырыбында «дөңгелек үстел» өткізді. 


Аталмыш шараға белгілі ақын, Республикалық этнографиялық «Дәстүр» журналының бас редакторы Қасымхан Бегманов; тарих ғылымдарының докторы, профессор, этнограф-зерттеуші Ахмет Тоқтабаев; «Әдет-ғұрып, салт-дәстүр» академиясының академигі Ғалия Аюп; этнограф-жазушы, «Ұлттық салт-дәстүр» академиясының академигі Болат Бопайұлы, белгілі этнографтар, тарихшы мамандар, қоғам қайраткерлері қатысты. 


Салт-дәстүрімізді, ата тарихымызды ұлықтай отырып, заман талабына сай икемделу, сан ғасырлар бойы сақталып келген рухани құндылықтарымызды жаңғырту, ұлттық кодымызды сақтау жолындағы негізгі құндылықтарымызды насихаттауға, қорғап-қолдауға атсалысу мәселелері бойынша қатысышылар өз ойларын ортаға салды. Қаралған мәселелер дөңгелек үстелге қатысушыларды бей-жай қалдырған жоқ, қызу талқыға салынып, пікір сайысын туғызды.

10.08.2017