
10.10.2018
Аудан қарияларына мерекелік түскі ас берілді
10.10.2018
2018 жылдың 10 қазаны күні Әуезов ауданы әкім аппаратының ұйымдастыруымен, Қарттар күніне орай, «Золотое руно» мен «Гастро бар» кафелерінде, ауданның елу шақты қариясына түскі ас берілді.
Мерекенің негізгі себепкерлерін Қариялар күнімен 9 және 12 жергілікті өзін-өзі басқару комитетінің төрағалары Талғат Мұратұлы және Әсет Жақапов құттықтады. Олар өз тілектерінде ардагерлер алдарында әрқашан бас ие отырып, жастарға үнемі мақтан етіп, үлгі-өнеге тұтатындарын атап айтты.
Келген қонақтар өзара әңгімелесіп, жас кездеріндегі өлеңдерді естеріне салып, ән шырқап, би биледі. Олар аудан әкімінің аппараты мен кафелер әкімшіліктерііне өз алғыстарын білдірді.