Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіз!
A   A   A
Әуезов ауданы
әкімінің
аппараты
Сурет галереясы
Әкімге сұрақ
Задать вопрос Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз
Жаңалықтар мұрағаты
Барлық жаңалықтар
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 1 2 3 4 5
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

11.04.2019
колледжінде «Мұхтар Әуезов – көркем сөздің пірі» атты колледжаралық өнер бәйгесі өтті
2019 жылы 11 сәуірде Алматы сервистік қызмет көрсету колледжінде «Мұхтар Әуезов – көркем сөздің пірі» атты колледжаралық өнер бәйгесі өтті. Өнер бәйгесі Тұңғыш Президент Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламасын, сондай-ақ Әуезов ауданының 47 жылдық мерейтойы шеңберінде ұйымдастырылды.

Білім алушылар арасында дана халқымыздың дара перзенті М.Әуезовтің шығармаларын насихаттау, шығармашыл жастардың өнеріне қолдау көрсете отырып, поэзияға деген құштарлығын арттыру, жас таланттар мен дарынды ақындарды ынталандыру; оларды отансүйгіштікке, елжандылыққа тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылған байқауға Алматы колледжінің студенттері белсенді қатысты.

Халқымыздың парасат әлеміндегі ғасырлық ғажайыбы, ХХ ғасырдың заңғар биігі Мұхтар Әуезовтің шығармаларынан көркем шығармаларынан үзінді оқып, жүректен шыққан жыр жауһарынан шашу шашты. Тартысты өткен байқау қорытындысында кіл жүйріктің ішінен шын жүйріктер суырылып шығып, жүлделі орындарға ие болды.

11.04.2019