Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіз!
A   A   A
Әуезов ауданы
әкімінің
аппараты
Сурет галереясы
Әкімге сұрақ
Задать вопрос Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз
Жаңалықтар мұрағаты
Барлық жаңалықтар
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
26 27 28 29 30 31 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 1 2 3 4 5 6
  • Негізгі бет
  • Жаңалықтар
  • Әуезов ауданының әкімі Әнуар Өскенбаев Алтын бесік ықшам аудан тұрғындарымен кездесу өткізді.
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

11.07.2019
Әуезов ауданының әкімі Әнуар Өскенбаев Алтын бесік ықшам аудан тұрғындарымен кездесу өткізді.
Әуезов ауданының әкімі Әнуар Өскенбаев Алтын бесік ықшам аудан тұрғындарымен кездесу өткізді. Мамыр айында өткен жиналыс қорытындысы бойынша айтылған тапсырмалардың орындалу барысы тексерілді. Онда қарастырылған Қарғалы өзенінің бойында кәріздік қалдықтарды қабылдайтын коллекторға қатысты іс коллекторды жабуға мемлекеттік активтерді басқарудың талап-арызы бойынша сотта қаралу үстінде екені анықталды. Мердігер компаниялар ЖШС "КБ тобы" және "ГорДорСтрой-2" ЖШС Анет баба көшесіндегі сумен жабдықтау және канализация құрылысы бойынша асфальттік қабаттың құлауына байланысты ескертулерден кейін кепілдікміндеттемелер негізінде ескертулерді жойды. Әлеуметтік жауапкершілік шеңберінде Райымбек даңғылына (жерасты және аялдама) Тоқпанов көшесінен шығатын жарық бағаналары бар жаңа тротуардың құрылысы басталды. Ағаштарды кесу жүргізілді. Сонымен қатар, Шанин көшесіндегі қалған үш үйге су құбыры желісін әлеуметтік жауапкершілік бойынша жүргізу және 2 жарық шамын орнату туралы шешім қабылданды. Сонымен қатар, аралау барысында әкім "Алматы Су" МКК өкілдеріне Алтын бесік ықшам ауданындағы апатты жағдайды туғызатын мәселелерді тез арада жоюға және Жексенбиев көшесіндегі люктарды көтеріп сумен қамтамасыз етуді қалпына келтіруге тапсырма берді.

11.07.2019