Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіз!
A   A   A
Әуезов ауданы
әкімінің
аппараты
Сурет галереясы
Әкімге сұрақ
Задать вопрос Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз
Жаңалықтар мұрағаты
Барлық жаңалықтар
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
31 1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31 1 2 3
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

11.08.2017
«Кедергісіз келешек» жобасы аясында іс-шара өтті

2017 жылдың 11 тамызы күні «Нұр Отан» партиясы Әуезов аудандық филиалы, шектеулі жандарға әлеуметтік нысандардың қолжетімділік мүмкіндігін тексеру бойынша, рейд өткізіп, көптеген заң бұзушылықтарды анықтады. 


Комиссия құрамына «Нұр Отан» партиясының Әуезов аудандық филиалы Саяси кеңесінің мүшесі Слямхан Сағимбеков, Әуезов аудандық ардагерлер кеңесінің бастауыш партия ұйымының төрайымы Бәтима Ыбыраева, аудандық сәулетшісінің орынбасары Нұржан Асқаров, Әуезов ауданы бойынша мүгедектерді бейімдеу және оңалту орталығының директоры Сайлаубек Сұлтанов, № 3 Арнайы қызметтерін көрсету орталығының директоры Данипа Искакова және «Нұр Отан» партиясы Әуезов аудандық филиалы жанындағы Жемқорлыққа қ іс-әрекет жөніндегі Қоғамдық кеңесінің өкілдері енді. 

Мұндай әлеуметтік инфрақұрылым объектілері ретінде «Сайран» автовокзалы, «City Plus» сауда кешені, «ХАК» медициналық орталығы, «Каспий банкі» бөлімшесі және «Нугамед» дәріханасы қол жетімділігін тексеруде болды. Өкінішке орай, тіпті мүгедектер үшін бейімделген ғимараттарда кемшіліктер, сонымен қатар олардың автокөліктеріне арнайы тұрақ болмағаны анықталды. Барлық жерде пандустар әлемдік және қазақстандық стандарттарына сәйкес емес. Көрмейтін немесе естімейтін адамдар үшін бедерлі тактильді жабындылары, белгілері және дыбыстық сигналдары толықтай болмады. 

Мысалы, «City Plus» сауда кешенінде лифт және эскалатор істемейді, халықтың аз қозғалысты тобы үшін жабдықталмаған. Сондай-ақ «Каспий банк» бөлімшесінде пандустар, автокөлік үшін арнайы көлік тұрағы жоқ. Мүгедектерді әлеуметтік қолдау бойынша партияның «Кедергісіз келешек» жобасының негізгі мақсаты мүмкіндігі шектеулі азаматтардың өмір сүру сапасын арттыру болып табылады.

11.08.2017