Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіз!
A   A   A
Әуезов ауданы
әкімінің
аппараты
Сурет галереясы
Әкімге сұрақ
Задать вопрос Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз
Жаңалықтар мұрағаты
Барлық жаңалықтар
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
25 26 27 28 29 30 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31 1 2 3 4 5
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

11.10.2017
Ардагерлер үйінің тұрғындарына концерт ұйымдастырылды

2017 жылдың 11 қазаны күні, Әуезов ауданы әкім аппаратының, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының және аудандық Ардагерлер кеңесінің ұйымдастыруымен, Алматы қалалық Ардагерлер үйінде, Қарттар күні айлығының аясында, меркелік шара өтті. 


Іс-шара барысында Әуезов аудандық ардагерелр Кеңесінің төрайымы, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының Саяси кеңес мүшесі Бәтима Ибраева қатысушыларды Қарттар күнімен құттықтап, жылы лебізін білдірді. Ол Алматы қалалық Ардагерлер үйінде қазіргі уақытта 300-ден аса адам тұратынын айтты. Оның ішінде Ұлы Отан соғысы мен еңбек майданының ардагерлері де бар. Біздің бейбіт өміріміз үшін өздерінің жастық өмірлерін аямай еңбек еткен қарттарымыз үшін бұл жерде барлық жағдай жасалған. 

Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен қонақтар үшін № 174 жалпы білім беретін мектеп пен Алматы сервистік қызмет көрсету колледжінің оқушылары өздерінің концерттік бағдарламаларын ұсынды. Майдангерлеріміздің киген киімдеріне тағылған орден-медальдарының жарасымдылығын көріп біздің қарттарымыздың жүрегінде әлі де жастық сезімнің алауы бұрқырап тұрғандай. 

Бұл жердегі ардагерлерге арналған ән-жырдың әрқайсысы осы отырған қарттарымыз өз қолдарымен жазғандай шырқалып жатты. Қаншама сұрапыл соғыстарды бастарынан өткізіп, от пен оқты тізеден кешірсе де, олардың өмірге деген оптимистік көзқарастары өзгерген емес. Олар әлі де талай игі истерге бастамашыл бола алатындықтарын әр кездесу сайын дәлелдей түскендей.

11.10.2017