Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіз!
A   A   A
Әуезов ауданы
әкімінің
аппараты
Сурет галереясы
Әкімге сұрақ
Задать вопрос Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз
Жаңалықтар мұрағаты
Барлық жаңалықтар
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
25 26 27 28 29 30 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31 1 2 3 4 5
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

11.10.2017
Кәсіби-бағдар жұмысына бағытталған экскурсия

2017 жылдың 11 қазаны күні Әуезов ауданы ның әкім аппараты мен «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалы, Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын негізге ала отырып, партияның «Бақытты отбасы – бақытты балалық щақ!» жобасын жүзеге асыру мақсатында, № 42 жалпы білім беретін мектептің оқушыларына арналған, «Болашақ бүгіннен басталады!» атты кәсіби-бағдар жұмысына бағытталған, Алматы мемлекеттік жаңа технологиялар колледжіне экскурсия ұйымдастырды. 


Елбасы Н. Ә. Назарбаев мақаласында: «Қазақстан өздерің сияқты жас мемлекет, сондықтан бідің болашағымыз да жастар», - деп тегіннен-тегін айтқан жоқ. «Мемлекетіміздің бүгіні мен ертеңі жас ұрпақтың еншісінде болғандықтан біз сауатты, білімді, бәсекеге қабілетті болуымыз үшін өз мамадықтарымызды дұрыс таңдап, дұрыс игеріп өмірден өз орындары дұрыс таба білуіміз керек!» - деп баса айтып өткен. 

Мамандық таңдау – ол өмірлік таңдау. Болашақта үлкен мамандық иесі болатынын армандамайтын бала болмайды. Алғашқы кезде біздің ойымызда «Қоғамға, адамдарға пайдасын тигізетін мамандықты қалай таңдауға болады?» деген сұрақ болды. Бірақ, әркім өзі ұнатқан мамандығына оқуға түседі. Осы жобаны жүзеге асыру аясында колледж басшылығы оқушылармен кездесу өткізіп, колледжде мамандарды даярлау бойынша білім алушылардың оқыту үрдісінде алатын арнайы құзыреттіліктерін және мамандықтарының тиімділігі мен маңыздылығын айқындап, түсіндіріп берді. 

Алматы мемлекеттік жаңа технологиялар колледжінің әкімшілігінің басшылығымен колледжді таныстыру бағыты жасалып, білім ордасының оқыту үдерісі мен жеткен жетістіктері жайында толықтай ақпарат берілді. Колледж директорының тәрбие жөніндегі орынбасары Гүлхан Жұмагұлова және колледждің кәсіби бағыттын ұйымдастырушы Фарида Утеулиева, сонымен қатар оқытушылар, өндіріс шеберлері мен «Жас Отан» партиясының жастар қанатының мүшелері, білім алушы студенттер келген қонақтарға қызықты ақпаратқа толы мағлұмат берді. 

Экскурсия барысында, келген оқушыларға колледж жітістіктерін көрсетумен қатар мастер-класс өткізілді. Келген қонақтарға оқыту үдерісінің өндірістік процесі іс жүзінде көрсетілді. Әрбір мамандықтың маңыздылығы мен оқу тиімділігін жіті түсіндірілді. Экскурсия нәтижесінде келген оқушылар өздерінің алған әсерлерімен бөлісіп, колледжде оқытылатын мамандықтар бойынша өздерін толғандырған көптеген сұрақтарға жауап алды.

11.10.2017