Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіз!
A   A   A
Әуезов ауданы
әкімінің
аппараты
Сурет галереясы
Әкімге сұрақ
Задать вопрос Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз
Жаңалықтар мұрағаты
Барлық жаңалықтар
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
25 26 27 28 29 30 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31 1 2 3 4 5
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

11.10.2017
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі туралы

2017 жылдың 11 қазаны күні «Нұр Отан» партиясының Әуезов аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде, азаматтарға «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін» түсіндіру мақсатында, тақырыптық қабылдау болды. 

№ 10 қалалық емхананың диагностикалық көмек көрсету бөлімінің меңгерушісі Галия Ситматова бастаған топ, азаматтарды қабылдауға дайын болды. Сақтандыру жүйесі мен оның артықшылықтарын, атқарылу желісін түсіндірген көрнекіліктер, жадынамалар да таратылды. Қабылдауда жұмыссыз азаматтар, емханаға жаңадан тіркелгендерге байланысты сұрақтары болды. 

Әрқайсына сақтандыру құралдары мен мүмкіндіктері жайлы түсінік берген Галия Ситматова сол жерде үйінде аурулы, мүгедек жандары бар азаматтарды танып, жағдайларын да сұрап жатты. Дүниежүзі тәжірибесінде өзінің оңды нәтижесімен көрінген медициналық сақтандыру жүйесінің елімізде енгізілгені денсаулық сақтау саласының қызметін жақсартуға, оны тұтынушы - халықтың денсаулығын мықтап, сапалы ем алуына қол жеткізері сөзсіз.

11.10.2017