Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіз!
A   A   A
Әуезов ауданы
әкімінің
аппараты
Сурет галереясы
Әкімге сұрақ
Задать вопрос Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз
Жаңалықтар мұрағаты
Барлық жаңалықтар
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
27 28 29 30 1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

11.10.2017
Аудан тұрғындары партияға сенімдерін артуда

2017 жылдың 11 қазаны күні Әуезов ауданы әкімінің орынбасары Еркебұлан Оразалин, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мұрат Омаровтың қатысуымен, партияның аудандық филиалының Қоғамдық қабылдау бөлімінде, бекітілген кестеге сәйкес, тұрғындарды жеке мәселелерімен қабылдады. 


Бұл күнгі қоғамдық қабылдауда әр салаға байланысты аудан тұрғындарының мәселелері тыңдалды. Қабылдау барысында негізінен жұмыспен қамту, балабақша кезегіне тұруға байланысты және тағы басқа мәселелер болды. Қабылдауға жазылған тұрғындардың өтініштерін Е. Н. Оразалин толығымен тыңдап, бақылауға алды. Сонымен қатар, аудан тұрғыны, Қазақстан журналистер Одағының мүшесі Омархан Құлмұхаметұлы келіп, партияға өз үлесін қосуға ниет білдірді. Елімізде қайта түлеудің айрықша маңыз¬ды екі процесі – саяси реформа мен эко¬номи¬калық жаңғыруды қолға алуып,аталған екі жаңғыру процесінің де нақты мақ¬сат-міндеттері, басымдықтары мен оған жеткізетін жолдарын халыққа жеткізуге үлес қосатынын айтып жеткізді. 

«Еліміздің мықты, мәдениетті, алдыңғы қатарлы мемлекеттердің қатарына қосылуға қа¬лай қадам басатынымыз және бұқаралық сананы қалай өзгертетініміз туралы көзқарас¬тарым¬ды ортаға салуды жөн көрдім», - деді Омархан Құлмұхаметұлы. 

Өмір сүру үшін заман ағымына саналы түрде бейімделуге қабілетті болуы керек. Сондықтан, заманға сәйкес жаңғыру міндеті барлық қазақстандықтардың алдында тұрғанын, Нұр Отан» партиясы Әуезов аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мұрат Сағатұлы айтып өтіп, аудан тұрғынына қолдау көрсетті. «Нұр Отан» партиясы Әуезов аудандық филиалында көмек сурап келген азаматтардың өтініштері толығымен қамтылып,заң аясында қарастырылады.Қандай мәселе болмасын, барынша жедел әрі тиянақты шешім шығаруға ықпал етеді. Сондықтан да халық қоғамдық қабылдауларға зор үмітпен келеді.

11.10.2017