Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіз!
A   A   A
Әуезов ауданы
әкімінің
аппараты
Сурет галереясы
Әкімге сұрақ
Задать вопрос Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз
Жаңалықтар мұрағаты
Барлық жаңалықтар
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
29 30 31 1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 1 2
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

12.04.2017
«Біз – жемқорлықсыз қоғам қалыптастырамыз!» атты дискуссия өтті

2017 жылдың 11 сәуір күні, «Нұр Отан» партиясы Әуезов аудандық филиалы мен «Жас Отан» жастар қанаты мүшелерінің ұйымдастыруымен, партияның «Сыбайлас жемқорлық жоқ ел – өркендеуші ел!» жобасы аясында, Алматы көпсалалы колледжінде «Біз – жемқорлықсыз қоғам қалыптастырамыз!» атты пікір жарыс өтті. 


Шараның негізгі мақсаты – қоғамдағы сыбайлас жемқорлық әрекеттеріне немқұрайды қарамау. Жемқорлықпен күрес – бүкіл қоғамның, әрбір Қазақстан азаматының міндеті екенін түсіну. 

Пікір жарыста сөз алған құрылыс саласының келешек мамандары: «Қолжетімді баспана» мен Мемлекеттік бағдарлама бойынша салынған үйлердің сапасына халықтың көңіл толмаушылығын БАҚ-тан естіп, оқып жүрміз. Тұрғын үй сапасындағы кінәраттардан халық зардап шегуде. Болашақта біз құрылыс саласында білікті кадр атансақ, баспаналардың сапалы болуына кепілдік болар еді. Сонда мердігер компаниялар тарапынан орын алатын кейбір сыбайлас жемқорлық әрекеттері де азаяр еді», – дейді. 

Шара соңында дискуссияға қатысушы 30-ға жуық болашақ құрылысшы, дәнекерлеуші, қызмет көрсету саласының мамандары жемқорлықсыз қоғам қалыптастырудың жолы – әрбір азамат Әдеп Кодексін білуі тиіс. Сондай-ақ, заң жағынан сауатты болуы қажет деген қорытындыға келді. 

«Нұр Отан» партиясы Әуезов аудандық филиалы мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қоғамдық кеңес мүшелері осы тақырыптағы дискуссияны аудан мектептерінде өткізуді жоспарлап отыр.

12.04.2017