Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіз!
A   A   A
Әуезов ауданы
әкімінің
аппараты
Сурет галереясы
Әкімге сұрақ
Задать вопрос Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз
Жаңалықтар мұрағаты
Барлық жаңалықтар
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31 1 2 3 4
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

12.04.2017
Аудан емханаларында ардагерлерге «Ашық есік» күні өткізілді

2017 жылдың 12 сәуірі күні, «Нұр Отан» партиясы Әуезов аудандық филиалының қолдауымен, республикалық жүйелі кестеге сәйкес, партияның «Ардагерлерді ардақтайық!» жобасын жүзеге асыру аясында, аудандағы № 6, 10, 15 және 16 қалалық емханаларда ардагерлерге «Ашық есік күні» ациясы өтті. 


Шара аясында Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен тыл еңбеккерлері білікті дәрігерлер мен психологтың қабылдауында болды. Мәселен, № 10 қалалық емханасында 7 тыл еңбеккерінің денсаулығын терапевт, кардиолог, эндокринолог, невропатолог, хирург және көз дәрігері жан-жақты тексерді. Дәрігерлер ардагерлерге көмектесуді өздерінің парызы деп санады. 

№ 10 емхананың бас дәрігері, «Нұр Отан» партиясы Әуезов аудандық филиалы Саяси кеңес Бюро мүшесі Роза Тоқмолданованың айтуынша, кешенді жүргізілген дәрігерлік тексерулер нәтижесінде, қарттарға қажетті ем-шаралар жүргізілді. Сонымен қатар қарияларға дұрыс тамақтану мен физикалық белсенділікті арттыру, қан қысымын бақылауда ұстау жөнінде кеңес берілді. Ал денсаулығына байланысты емханаға келе алмаған ардагерлерге ақ халатты жандар үйлеріне барып, дәрігерлерлік көмек көрсетті. 

«Таңғы сағат 9-дан бастап, № 10 қалалық емханада өзіме қажетті емнің барлығын алдым. Жүрегімді тексерттім. Көру қабілетім нашарлай бастап еді, көз дәрігеріне көріндім. Емхана мамандарының бәрі шынайы көңілмен, жоғары дәрежеде дәрігерлік көмек көрсетті. Бұл Елбасымыз бен «Нұр Отан» партиясы өкілдерінің ардагерлерді құрметтеуі деп білемін», – дейді 87-ге таяған тыл ардагері В. Т. Мухина. 

Жыл басынан бері партияның аудандық филиалының қолдауымен, Әуезов ауданының барлық емханаларында ардагерлерге «Ашық есік күні» тұрақты түрде өткізіліп жүргенін айта кеткен жөн.

12.04.2017