Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіз!
A   A   A
Әуезов ауданы
әкімінің
аппараты
Сурет галереясы
Әкімге сұрақ
Задать вопрос Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз
Жаңалықтар мұрағаты
Барлық жаңалықтар
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
25 26 27 28 29 30 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31 1 2 3 4 5
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

12.04.2018
Партияның өкілдері су тасқынынан зардап шеккендерге қолдау көрсетті

«Нұр Отан» партиясының Әуезов аудандық филиалы еліміздің Шығыс Қазақстан облысында орын алған төтенше жағдайларға байланысты зардап шеккендерге партияның Саяси Доктринасында айқындалған бейбітшілік, бірлік мен келісім, мәдениет пен руханилық, өзара қолдау мен өзара көмек, ұлттық құндылықтарды ілгерілетуде ұйтқы болып, «бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып» дегендей, қол ұшын созып, көптеп көмек беруді азаматтық парызы санап, рухани қолдау танытқан филиалдың барлық бастауыш партия ұйымдарына және оның өкілдерінің бірлігі мен ұйымшыл тірлігіне алғысы мен шексіз ризашылығын білдіреді.


Апат айтып келмейді, әйтсе де, төтенше жағдайларға сақадай сай болумен бірге, жеке және қоғамдық қауіпсіздікке жауапкершілікпен қарау, өзара көмек беру – міндетіміз, азаматтық борышымыз. 

Атам қазақта «Тас түскен жеріне ауыр» дейді. «Нұр Отан» партиясының Алматы қаласының филиалдары атынан жіберілген азық-түліктерді қабылдап алып, кері байланыс жасап, өз ризашылықтарын білдірген әріптестерімізді басқа түскен қиыншылықтарды жеңіп шығу үшін ынтымақ пен бірлікке, табандылық пен қажырлылыққа шақырамыз. Табиғи апаттың қауіп-қатерінен қиындыққа тап болып, зардап шеккен барша Шығыс Қазақстандықтардың төзімділік пен сабырлылық танытып, болашаққа ұмтылыспен қарайды деген сенім білдіреміз. Ынтымағы жарасып, ырысы артқан, асқақ рухты елімізде қауіп-қатер болмасын деп тілейміз.

12.04.2018