Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіз!
A   A   A
Әуезов ауданы
әкімінің
аппараты
Сурет галереясы
Әкімге сұрақ
Задать вопрос Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз
Жаңалықтар мұрағаты
Барлық жаңалықтар
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
29 30 31 1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 1 2
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

12.05.2017
Ауданда Ашық есік күні акциясы өткізілді

2017 жылдың 12 мамыр күні, «Нұр Отан» партиясы Әуезов аудандық филиалы мен аудандық прокуратураның бастамасымен, аудан әкімінің орынбасары Б. Н. Рахымбеков пен аудан прокурорының орынбасары Р. А. Шардиновтың, басқа да мемлекеттік органдар мен құқықтық қорғау органдары өкілдерінің қатысумен, «Азаматтарға арналған Үкімет» Мемлекеттік Корпорациясы» комерциялық емес қоғамының Алматы қаласы бойынша филиалы «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің Әуезов ауданы бөлімінде (Әуезов ауданының халыққа қызмет көрсету орталығында) «Ашық есік күні» акциясы өткізілді.


Акцияның мақсаты – прокуратура органдарына халықтың сенім деңгейін арттыру және азаматтардың сот жүйесіне деген сенімін, құқықтық мәдениетті көтеру.

Іс-шара аясында жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдау жүргізілді. Мәселен, 35 азамат жеке қабылдауда болып, заңнаманың әр-түрлі салалары бойынша оларды алаңдататын мәселелермен шағымдануға мүмкіндік беріліп, қатысушылардың көкейтесті сұрақтарына қолданыстағы заңнамаға сәйкес түсініктер берілді.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты 2017 жылғы 31 қаңтардағы Қазақстан халқына жолдауы және 2017 жылғы 12 сәуірдегі «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы талқыланды. Тұрғындарға Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының бастамасымен өткізіліп жатқан жобалар жөнінде ақпарат берілді.

12.05.2017