
12.06.2018
Балалармен санитарлық ағарту жұмыстары жүргізілді
12.06.2018
2018 жылдың 12 маусымы күні, Әуезов ауданы әкім аппаратының қолдауымен, аудандық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының маманы М. Т. Әбдіраимова № 28 бөбекжай балабақшаның тәрбиеленуші-балалрмен санитарлық ағарту жұмыстарын жүргізіп, бактериологиялық зерттеуді өткізді.
Іс-шара барысында бөбекжай балабақша жұмыскерлерімен «Менингит дегеніміз не? Берілуі жолдары мен факторлары» тақырыбында әңгімелесті. Аурудың белгілері қандай болады және бірінші белгілері болғанда тұрақты мекен-жайы бойынша дәрігерге қаралу қажет екенін айтты. Сондай-ақ, менингит жұқпасының негізгі алдын алу шараларын түсіндірді.