Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіз!
A   A   A
Әуезов ауданы
әкімінің
аппараты
Сурет галереясы
Әкімге сұрақ
Задать вопрос Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз
Жаңалықтар мұрағаты
Барлық жаңалықтар
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
29 30 31 1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31 1
  • Негізгі бет
  • Жаңалықтар
  • Әуезов ауданының әкімі Әнуар Өскенбаев қызмет көрсетуші компания - "Алматықалажарық" ЖШС және "Электроремонт"ЖШС мердігерлік ұйымы өкілдерімен көшпелі кеңес өткізді
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

12.07.2019
Әуезов ауданының әкімі Әнуар Өскенбаев қызмет көрсетуші компания - "Алматықалажарық" ЖШС және "Электроремонт"ЖШС мердігерлік ұйымы өкілдерімен көшпелі кеңес өткізді
Көшені жарықтандыру бойынша тұрғындардың көптеген ескертулері негізінде, Әуезов ауданының әкімі Әнуар Өскенбаев қызмет көрсетуші компания - "Алматықалажарық" ЖШС және "Электроремонт"ЖШС мердігерлік ұйымы өкілдерімен көшпелі кеңес өткізді. Алтынсарин көшесін (Жандосов к-сі мен Шаляпин к-сі аралығында), Сүлейменов көшесін (Пятницкий к-сі мен Жандосов к-сі аралығында) аралап қарау барысында көшені жарықтандырудың жұмыс істемейтін шамдары анықталды. Сонымен қатар, жұмыс тобы 6 ықшам аудан аулаларына барғанда, №42 үйде көше жарығының істемей тұрғаны анықталды. Бұған дейін мердігер компаниялардың өкілдеріне аудан тұрғындарынан сыртқы жарықтың жоқтығына келіп түскен шағымдар бойынша 47 мекен-жай берілген, олардың 7-і ғана жойылған. Шағымды тез арада орындалмауын мердігерлер қала бойынша келіп түскен өтініштердің ай сайын 2 мыңға дейін жетуімен деп түсіндірді. Сондай-ақ, тұрғындардың қатысуымен жұмыс тобы диспетчерлік қызметке (300-75-41, 300-75-42)қоңырау шалуы сәтсіз болды, осыған байланысты әкім мердігерлерге осы мәселеге назар аударып, мәселені жоюды ұсынды. Сапар қорытындысы бойынша, әкім келесі аптада өткізілетін халықпен кездесулерде аудан тұрғындарының өтініштерін ПИК төрағаларымен бірлесіп шешім қабылдайтыны туралы ескертілді.


12.07.2019