Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіз!
A   A   A
Әуезов ауданы
әкімінің
аппараты
Сурет галереясы
Әкімге сұрақ
Задать вопрос Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз
Жаңалықтар мұрағаты
Барлық жаңалықтар
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
29 30 31 1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 1 2
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

12.09.2018
Кәсіпкерлік бастаманы іске асырудың ағымдағы мәселелері талқыланды

2018 жылдың 12 қыркүйегі күні Әуезов ауданы әкім аппаратының ұйымдастыруымен, НарХоз университетінде кәсіпкерлермен «дөңгелек үстел» өтті. 

Аталмыш іс-шараға Алматы қалалық Мәслихат депутаты Шавкат Умаров, Әуезов ауданы әкім аппаратының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Айгерім Исалиева, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер Палатасының, «ДАМУ» кәсіпкерлікті қолдау қоры" АҚ-ның, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі департаментінің сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының өкілдері және тағы басқалар қатысты. 


«Дөңгелек үстелдің» мақсаты кәсіпкерлердің білім деңгейін, заңнама талаптарын арттыру, оларды тәжірибеде қолдану, кәсіпкерлік саласында ғана емес, қоғамда да сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік ахуалын қалыптастыру, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін жағдайлар мен себептерді анықтау және жою болып табылады. 

Бүгінгі таңда сыбайлас жемқорлық әлеуметтік құбылыс ретінде қазіргі уақытта әлемнің барлық елдерінде іс жүзінде өмір сүруде. Сыбайлас жемқорлық мәселесі туралы, осы құбылысқа қарсы тұрудағы қоғамның рөлі туралы айта келе, бизнес-қоғамдастық өкілдерінің маңызды рөлін атап өтпеуге болмайды. Дәл осы кәсіпкерлік қоғамдастық мемлекетке сыбайлас жемқорлық көріністерін барынша азайту мәселесінде барынша жәрдемдеседі және заңнама мен әкімшілік кедергілердегі әлеуетті сыбайлас жемқорлық нормалары туралы белгі беретін «лакмус қағазы» болып табылады. 


Бүгінде кәсіпкерлік субъектілері көптеген проблемалық мәселелерге тап болып отыр, оның ішінде бюрократизм және сыбайлас жемқорлық көріністері. Агенттік пен «Атамекен» ұлттық палатасы арасындағы ынтымақтастық туралы келісімді іске асыру бойынша Жол картасы аясында Департамент мемлекеттік органдар қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізеді. Осы жұмыстың нәтижесі кезең-кезеңімен реттеу, сондай-ақ өмір сүру қызметі мен бизнес-қоғамдастық саласын қозғайтын сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту және жою болып табылады.

12.09.2018