Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіз!
A   A   A
Әуезов ауданы
әкімінің
аппараты
Сурет галереясы
Әкімге сұрақ
Задать вопрос Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз
Жаңалықтар мұрағаты
Барлық жаңалықтар
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
26 27 28 29 30 1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31 1 2 3 4 5 6
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

12.09.2018
Әскерилерді шұғыл әскери қызметке шығарып салу

2018 жылдың 13 қыркүйегі күні Алматы қаласының жиналу пунктінде 2018 жылғы әскер қатарына шақырылғандарды Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің шұғыл әскери қызметіне шығарып салуына арналған салтанатты жиын өткізілді. 

Қазақстан Қарулы Күштер қатарын толықтырып отырған Алматы қаласының жастарын шығарып салу рәсіміне қалалық Қорғаныс істер жөніндегі департаментінің басшысы Амантай Өскербаев, Әуезов ауданы әкім аппаратының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Бекжан Қуанышев, аудандық ардагерлер Кеңесінің төрайымы Бәтима Ыбыраева, Ұлы Отан соғысының қатысушылары және тағы басқалар қатысты. 


Ақ тілек сөзімен Бекжан Қуанышев сөз сөйледі. Ол жастарды шұғыл әскери қызметке шақырылуымен құттықтап, оларға денсаулық, жетістік және аман-есен үйлеріне қайтып оралуын тіледі. «Әскер – бұл ер азаматтардың өмір мектебі. 26 жыл бұрын, 1992 жылы 7 мамырда Елбасы Н. Назарбаевпен еліміздегі өз Қарулы Күштерімізді құру туралы қаулыға қол қойылды. Содан бері Қазақстан азаматтары өз елінің аймағында шұғыл әскери қызметін атқаруда. Сіздер Отанымыздың болашақ жауынгерлерісіздер! Сіздерге үлкен жауапкершілік жүктелген. Елімізді қорғайтын болашақ жауынгерлерге ауызбіршілік пен жетістіктер тілеймін! Жолдарың болсын, құрметті отандастар!», - деді ол. 


Жастар алдында ізгі тілектерімен Бәтима Ыбыраева Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен ата-аналар сөз сөйледі. Олар болашақ Отан қорғаушы жауынгерлерге әскери қызметті ойдағыдай аяқтап, аман есен үйлеріне оралуын тіледі. 

Осы күні Отан алдында борышын ақтауға Әуезов ауданының 35 баласы аттанды. Оларға естелік сыйлыктар таратылды. Әуезов ауданының жалпы білім беретін мектеп оқушылары болашақ жауынгерлерге арналған концерттік бағдарлама ұйымдастырылды. Онда қазақ композиторларының туған жер туралы әндері шырқалды.


12.09.2018