Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіз!
A   A   A
Әуезов ауданы
әкімінің
аппараты
Сурет галереясы
Әкімге сұрақ
Задать вопрос Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз
Жаңалықтар мұрағаты
Барлық жаңалықтар
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
27 28 29 30 1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

12.10.2017
Ауданда «Тіл дарын» байқауы өтті

2017 жылдың 12 сәуірі күні, Әуезов ауданы әкім аппаратының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшыы Бекжан Қуанышевтың қатысуымен, Алматы қаласының Тілдерді дамыту басқармасы Алматы қаласы әкімдігінің 2017жылғы 18 мамырдағы №2/163 «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі Алматы қаласының 2016-2019 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» қаулысын жүзеге асыру мақсатында және Басқарманың 2017 жылға арналған жоспарына сәйкес, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында, Еуразиялық Инновациялық Академиясының Қаржы экономикалық колледжінде қазақ, орыс және ағылшын тілдерін жетік меңгерген жоғарғы және орта арнайы оқу орындарының студенттері арасында, Әуезов ауданы әкім аппаратының ұйымдастыруымен, «Тіл дарын» атты байқау өтті. 


Шараның мақсаты мемлекеттік тілді насихаттап, дамыту, аудан жастары арасында, тілдің беделін көтеріп, бір-бірімен мемлекеттік тілде қарым-қатынас жасауды дамыту. 

Қатысушылар 4 кезеңнен тұратын байқауда қазақ тарихы мен ұлы тұлғалары, ұлттық салт-дәстүге қатысты сұрақтарға 3 тілде жауап беріп, соңғы кезеңде өз өнерлерін ортаға салды. Байқауға 22 үміткер қатысып, Жүлделі І, ІІ, ІІІ орын алған жеңімпаздар, қалалық «Тілдарын» олимпиадасына қатысуға жолдама алды.

12.10.2017