Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіз!
A   A   A
Әуезов ауданы
әкімінің
аппараты
Сурет галереясы
Әкімге сұрақ
Задать вопрос Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз
Жаңалықтар мұрағаты
Барлық жаңалықтар
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
30 31 1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31 1 2
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

13.02.2018
Жастар Ұлы Отан соғысының ардагерлерімен әрі тыл еңбеккерлерімен кездесті

2018 жылдың 13 ақпаны күні «Нұр Отан» партиясы Әуезов аудандық филиалының мәжіліс залында, партияның «Ардагерлерді ардақтайық!» жобасы аясында, «Жас Отан» жастар қанатының белсенділері Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен тыл еңбеккерлерімен кездесті.


Іс-шараның мақсаты – асылымызды ардақтап, қарияларымыз бен ардақты ардагерлерімізге құрмет көрсетіп, қамқорлық танытуды жастардың бойына сіңіре білу. Сол арқылы жастарды рухани-адамгершілікке, ізгілікке баулу. 

Кездесуге Әуезов ауданы Ардагерлер кеңесінің төрайымы Бәтима Ыбыраева, тыл майданына қатысушысы Надежда Непомилуева және Алматы қызмет көрсету колледжінің оқушылары қатысты. 

Шара барысында К. Т. Алипова, Елбасы Жолдауына тоқталып, «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақала аясында сөз қозғап, осы бейбіт елде өмір сүріп отырғанымыз осы Соғыс ардагерлерінің ерлігі екенін толығымен Жастарға түсіндіріп өтті. 

Кездесу соңында Н. П. Непомилуева студенттерге Ұлы Отан соғысы жылдарында қалай өмір сүргендері туралы әңгімелеп берді. Жасотандықтар оларға қызығушылық тудыратын сұрақтар қойып, өз пікірлерін білдіріп, ойларымен бөлісті.

13.02.2018